Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
451 Қойылым ИНТЕРЬЕР. ВОЛЬВО – КҮНДІЗ. Жүргізуші жақтағы терезе ашық, оның шаштары жылтырақ ту секілді желдің әсерінен одан бетер желбірей түседі. БОННИ ҚЫЗЫЛ БҮРКІТТІҢ Шаян тайпа- сына тән классикалық түр әлпеті бар. Боннидің балаларына да, оның әдемілігі берілген: Сегіз жастағы СКАЙ оның қасында отыр, ал артына жайғасқан жеті жастағы Жейн MAD журналын оқып отыр. Бұл таңертеңгі сапардан бір алаңдаушылық байқалады. Қызыл Бүркіттердің ешқайсысы бұталардың арасында күтіп тұратын ПОЛИЦИЯ МАШИНАСЫН байқамады. ИНТЕРЬЕР. ПОЛИЦИЯ МАШИНАСЫ – КҮНДІЗ. Рөлде тұрған ОФИЦЕР көлігін оталдырады. Полиция қызметкері 1 Анау – соның өзі. Кеттік. ИНТЕРЬЕР. ВОЛЬВО – КҮНДІЗ. Бонни көлігінің әйнегінен, арт жақтан жыпылықтаған көк түсті байқайды. БОННИ (зәресі ұшып). Жылдамдықты асырған жоқпын! ЖЕЙН Бәрібір сізге тоқтау қажет. (Бонни жолдың ернеуіне қарай бұрылады. Полиция машинасы ілесуін тоқта- тар емес). СКАЙ Біз не бүлдірдік, анашым? «Кездесу соқпағы» Авторы – Ставарц пен Жанет Хейни, продюсер – Handmade Films, өндіруші – Warner Brothers. Келесі назарларыңызға ұсынылатын CBC/BBC/PBS тапсырысы бойынша жа- зылған телесценарий «Нэпидің жібі» ( Napi’s Rope ) деп аталғанымен эфирге «Ша- бандоз рухы» деген атаумен шыққан. Берілген үзінді тым қысқа болғандықтан, оны талдау қиынға соғады, дегенмен мұны сценарий түрінде және өткелдердің айқын мысалы ретінде қарастыруға болады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==