Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
10-ТАРАУ 450 (Ауызы тамаққа толған ол басын изеп қоя береді. Сөйтеді де, жиырма бес теңгеліктерді орап, дауысы жер жарып тұрған теледидардың алдына отыра- ды). ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ЖАРНАМА Мылжың КЭЛ УОРТИНГТОН өз әдетіне көшеді. Полиэстр костюм мен үнділік баскиім киіп алған сатушы алқара көк жылқының үстіне қарғып мінеді. САТУШЫ: (КАДР СЫРТЫНДА) (жиіркеніп). Армысың, халайық! Ранчо немесе резервациядан шығыңыздар, өз пониларыңызды алып ке- тіңіздер! Бізде ала түсті жылқылар, тарпаңдар, жартылай жабайы жылқылар бар! Және де мініп, әрі шауып көруге болатын ұшпа жыл- қылар бар! Бастапқы жарнасыз, жеңіл несие, бүгін-ақ міне аласыз. САХНАҒА ҚАЙТА ОРАЛУ (Мэнни бардың қасында қайтарым алуда). МЭННИ Сен кездесу үшін Луистың пикапын сұрап алдың ба? (Әлгі мылжың сатушының әңгімесіне кіріп кеткен Филберт тамағын шайнап отыр). МЭННИ Филберт, сені жеткізіп салайын ба? (Артқы планда машинаның оталғандағы гуілдеген дауысы шығады). КЛИЕНТ Эй, Мэнни оймақ пияз қайда? (Мэнни шығып кетеді). ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ЖАРНАМА Ұшқалақ сатушы Пинтоны тебіне жөнеледі. Ол көлік тұрағын бойлай шауып өтеді. ФИЛБЕРТТІҢ ҚИЯЛЫНАН КӨРІНІС БАСТАУ №1 Бір отар жабайы жылқылардың арасындағы ала түсті албырт жылқымен шауып келе жатқан қайсар мінезді жігіт. КЕСУ: ЭКСТЕРЬЕР. БЕТПАҚДАЛА ЖОЛЫ – КҮНДІЗ. ТИТР ЭКРАНДА: САНТА-ФЕ, НЬЮ- МЕКСИКО. Сары түсті Вольво сәлбендер мен кактустардың қасынан өтеді.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==