Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
449 Қойылым БАДДИ ... Бұл Суиномиш тайпасының су құбыр іспетті – екі шертсең төртке айналады. Екеуі де ғайып болды. БАДДИ Анау 314 жолдағы сайтан алғыр құбыжық! Қатты соғылған соққыдан үстелдегі тастар жан-жаққа шашырайды. Бадди таяғын үстел үстіне қояды, айналасындағылар оған қошамет көрсетеді. КЕЙУАНА Қызыл Бүркіт Бадди, саған бұлай ойнауды колледж үйретті ме? КЕЛТЕБҰРЫМ ЛУИ Кеттік, ақылгөй. Осы жолы сенің быт-шытыңды шығарамын. (Луи тасты Баддидың қолына ұстатады, бірақ өзіне қайтарып береді). БАДДИ Жоқ, менің кетуім керек. (Айналасындағылар оның бұл қылығын жақтырмай гуілдесе де, ол есік жақ- қа беттейді. Баддидің есік тұтқасына қолын соза бергені сол еді, есікті біреу теуіп ашады). РАКУРСҚА ЕСІКТІ АЛУ Есіктің ойығынан салмағы екі жүз елу келі, денесін әбден май басқан бір кісі көрінді. Баддиге әрмен қарай жүру үшін әлгі кісі тұрған босағадан сығылыса өту қажет. Мұны бақылап тұрған айналадағы жұрт оған күле қарайды. Есікті теуіп кірген кісі – Шаян тайпасынан шыққан ірі денелі үндіс, бойы екі метр, әбден майланған ұзын бұрымы бар, есімі – ФИЛБЕРТ БОНО. Филберт- тің періштеге ұқсататын бет әлпеті болмағанда, адамды шошытатындай-ақ денесімен кімді болса да қорқытып жіберетін еді. ДАУЫСТАР Әй, семіз Филберт! Биг-Маунтин демекші – Филберт борсалаңдап барға қа- рай жүреді, айналасындағылардың шағып сөйлегендеріне еш мән бермейді. Әлдебіреу оның май басқан беліне бұғаулық лақтырады. Ол бұғаудан ытқып шығып, ақырында, жанындағы үстелдерде тұрған сусындарды төгіп алады. Айналасындағылар одан бетер оны мазақ етеді. (Филберт екі бірдей орын- дыққа жайғасып отырады. Оған МЭННИ екі салқын сыра ұсынады. Екеуін сіміріп ішіп алады. Мэнни оған майға қуырылған картоп, тәтті тоқаштар, қақ- талған сиыр етін ұсынады. Тағы да үш сыра ұсынады). МЭННИ Жете ме, Филл?
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==