Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

10-ТАРАУ 448 КЕЗДЕСУ СОҚПАҒЫ (POWWOW HIGHWAY) ЭКСТЕРЬЕР. АУЫЛ – ЫМЫРТ ЭКРАНДА ТИТР: СОЛТҮСТІК ШАЯНДАР (CHEYENNE) РЕЗЕРВАЦИЯСЫ – ЛЕЙМ ДИР, МОНТАНА. Монтананы түсі суық, сұр бұлт басқан. Лейм Дирдің кірқожалақ көшелерінде тоз-тозы шыққан ғимараттар сап түзеп тұр. ЭКСТЕРЬЕР. ЖИМТАУН. БАР – ЫМЫРТ. Құралмалы барақ үйден күлкі мен кантри музыка естіледі. Қарауытқан белгі: ЖИМТАУН. ИНТЕРЬЕР. ЖИМТАУН. БАР – ЫМЫРТ. Үндістер адамға лықа толы орынға жиналуда, өсектен жіберіп, бірін-бірі қа- ғытып жатыр. Ковбой қалпағын киген үндіс алты ішектің құлақ күйін келтіріп, кантриге салды. Тек бильярд үстелі, бірақ соның өзі резервацияның әлеу- меттік ұйытқысы. ИНТЕРЬЕР. БИЛЬЯРД ҮСТЕЛІ – ТҮН. Дегбірі қашқан бір топ адам, шарды тоқтаусыз салып жатқан, өзі келбетті келген Шаян тайпасының үндісінен көз алар емес. Кийін бормен сүрткілеген ҚЫЗЫЛ БҮРКІТ БАДДИ үстелге қарай еңкейді. Ол сұңғақ бойлы әрі мығым де- нелі, өзі ширыққан күйде тұр. Бадди шірене тартып, тасты дөп кіргізуге тырысты. Ал бетін безеу басқан БИ- ЗОН МҮЙІЗІ дауысын көтере сөйлейді. БИЗОН МҮЙІЗІ Жаңа ғана анау қалтаға түскен кімнің басы, Бадди? БАДДИ (ыржиып). Өзіме Асауқан Сэндидің басы секілді көрінді. (Тасты ұруға оқталды, іле-шала сегіз тас жан-жаққа бытырап, алыс тордың қасында шыр айналды). БАДДИ Бұл кісі болса Ақ үйде отырады. (Баддидың қарсыласы – КЕЛТЕБҰРЫМ ЛУИ, қызуқанды кісі, басындағы тыр- тығынан-ақ аңғаруға болады). КЕЛТЕБҰРЫМ ЛУИ (ашуланып). Әй, Қызыл Бүркіт, менің тигізетін түрім бар ма, әлде жоқ па? БАМ! Алты тас түсті. БАДДИ Бұл Биг-Маунтиндегі көмір шахтасы іспеттес. Ол екі тасты көздейді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==