Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

447 Қойылым Мазмұн. Мазмұн (content) – құлаш-құлаш сценарий формасын жазу түсінігі. Көркем фильмдерге қарағанда телевизия тіл, жалаңаштану және зорлық-зомбылық мәселесіне мейлінше тыйым салады. Театрлық фильмнің мазмұны студиялар мен дистрибьюторлардың талап-тілегіне сәйкес, олардың фильм шығарылымына қандай рейтингті қалайтындарына байланысты алысқа қарыштауы мүмкін. Алайда түбі бір телеарнаға шығуға үмітті театрлық көркем фильмдер тырдай жалаңаш, төсек қатынасы және зорлық-зомбылық сахналарды барынша телевизия аудиториясына лайықтауы қажет. Дегенмен көркем фильм режиссерлері өңдеуге келмейтін тілді жұмсарту үшін бейпіл сөздердің тігісін жатқызып, әртістерден басқа сөз орамдарымен алмастыруын өтініп, сақтықпен қарайды. «Тельма және Луиза» ( Thelma and Louise ) киносы прайм-таймда эфирге шыққан уақытта театрлық нұсқасындағы «Тәуекелге бел буып, бас салуым керек еді...» деген сөйлем жолы, телевизияда «Тәуекелге бел буып, тиісуім керек еді...» дегенмен алмастырды. Мұндағы сөйлем мүлде басқа мағынаға сайып тұр және кейіпкердің зорлауға ниетті болғандығын ескеріп, оның бұл нұсқадағы сөйлемді айтқысы келгендігі екіталай. Дегенмен бірқатар орынды өңдеуден өткен бұл диалогтағы өзгеріс, нақты осы сахнаны эфирден көрсетуге мүмкіндік туғызды. Телевизиялық контенттің стандарттары сан түрлі өзгеріске ұшырағаны- мен, әрі бұл алдағы уақытта өзгере беретін болса да, телевизиялық кино ав- торларының жаңа буыны телевизия аудиториясына қандай қолайлы контент қажет екендігін біле жүргені абзал. Формат. Қойылымдық сценарий өзіне тән ерекше форматта жазылады. Автордыңжұмысынжеңілдету үшін компьютерлік бағдарламалар сценарий форматының стандарттарын ұсынады. Телевизиядағы комедия сценарийі мен театрлық көркем фильм сценарийін жазу екі басқа дүние болғанымен, телевизиялық фильмнің өзіндік жеке-дара форматы жоқ. Автор көркем фильм форматын телефильмге пайдалана алады. Қойылымдық сценарий түрінің барлық элементтері, яғни сахна тақырыптары, кейіпкерлердің есімдері, қыстырма сөздер, диалогтар, кадрлар және өткелдер бір беттегі бірдей орынға орналастырылады. Автордың қаперде ұстауы қажет жалғыз айырмашылық – телефильм сценарийіндегі әр актінің басы мен соңы белгіленеді, акті біткен сайын үзіліс жасайды. Ал көркем фильмде мұндай жоқ, бірақ мұның орнына оқиғаны сахнадан-сахнаға, басынан соңына дейін толық өрбітуге жағдай жасайды. Бастау. Телефильм түсіруді көздеп жүрген авторға үздік кеңес – сол фильмді көріп отырып, телевизиялық және театрлық фильмдердің сюжеті мен құрылымы арасындағы өзгешеліктерін түсінуді үйрену. Бұл екеуіне арналып жазылатын сценарийлердің арасында едәуір өзгеріс болғанымен, сайып келгенде, продюсер олардың арасындағы жақсы жазылған әрі иланымды оқиғаға көңіл бұрады. Профессор Ставарц театрлық фильм мен телевизиялық фильм сценарийлері- нің үлгілерін ұсынады. Ставарц пен Жанет Хейни жазған «Кездесу соқпағы» ( The Powwow Highway ) атты туындының түсірілім жобасынан үзінді. Handmade Films продюсерлік еткен және мұны Warner Brothers дайындап шығарған. Бұл сценарийді оқи отыра, сахнада атомосфера құру және оқиғаның мән-жа- йымен таныстыру үшін декорациялар мен кейіпкерлер сипаттамасының диалог- пен қалай ұштасқандығына мән беріңіз.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==