Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
10-ТАРАУ 446 Бюджет түсінігі. Телевизиялық киноны көркемдік қалыптан гөрі қаржы шешеді. Бұл телевизияға арналып түсірілген киноның артистизмнен жұрдай екенін білдірмейді, дей тұрғанмен, бюджеттің телевизиялық киноның тағдырын шешетін басты мотивация екендігін алға тартады. Әдетте телевизияға арналған кинолар ортанқол Холиуд көркем фильмімен салыстырғанда арзымайтын бюджетке түсіріледі... Бюджеттен қысу телевизиялық киноны шектеп тастайды. Телевизиялық кино қарапайым локация қолдануға бейім келеді, арнайы эффектілерді аз қосады және сюжеттері де аса күрделі емес. Телевизия киносы үнемі бір ғана сюжеттік желімен шектеледі, ал көркем фильм біршама сюжеттік желіні пайдаланады. Құрылым. Автор киносценарий жазуға отырғанда актілердің саны және баяндауды дамытуды қиялының жеткенінше игереді. Фильм сценаристері оқиғаны үш актімен сипаттауға немесе желілік құрылымды қолдануға міндетті емес. Алайда телевизиялық киносценарий хикая ортасына жарнамалық үзіліс қосатындықтан, театрлық фильм сценарийінен айтарлықтай өзгешеленеді. Телевизиялық кинолар флэшбәк немесе флэш форвард секілді тәсілдерді қолданып алыстан сермеуі мүмкін, дегенмен кәдімгі телевизиялық кино жеті актіден құралады және желілік баяндауға ілесіп отырады. Бұған себеп – киноға жарнаманың енгізілуі. Жарнамалық үзілістердің басым көпшілігі баяндауды өрбітуге кедергі жасайды, сол себепті автор аудиторияны үш не бес минуттық жарнамалық үзілістен кейін көруді жалғастыруға жеткілікті деңгейде кіріктіре алатын актілер арасындағы үзілістің қамын жесін. Көркем фильмдегідей, телевизияға арналған кино әр актіні кішігірім сюжеттікбұрылыс, сюжеттікиірім, акт соңындашиеленіс немесе конфликтіні үдете түсетін сәт пайда болатындай құрылымдайды. Алайда бұл тәсіл көркем киносценарийде үдемелі әрекет құрастыру үшін, ал телевизиялық сценарийде көрермен назарын ұстап тұру үшін қолданылады. Сонымен қатар жарнама роликтері әр телевизиялық кино актілерінің ұзақтығын анықтайды, бұл ұзақтық оқиға өрбуіне қарай қысқарып отырады. Бірінші акті ұзын, келесі актілер бара-бара қысқара түседі. Сонымен қатар актілер арасындағы бірінші үзіліс ешқашан бір немесе жарты сағаттық мөлшерге қойылмайды. Мұны екіұшты себеппен түсіндіруге болады. Біріншісі, мұнда көрерменді сала құлаш бірінші актімен «қармаққа іліп алу» мүмкіндігі бар. Фильм көруге білек сыбана кіріскен көрерменнің жарнама көрсетілгенде басқа арнаға ауыстыра қоюы екіталай. Екінші себепке келсек, бір сағат немесе жарты сағаттық мөлшерге үзіліс жариялаудан қашып, көрерменнің жарнама үзілісі кезінде арналарды ауыстырып немесе қызықты көрінетін басқа бағдарлама, шоуға көңіл бұруы да екіталай. Толықметражды көркем фильм әдетте 90–120 бет аралығындағы сценарийден құралады. Сонымен қатар шамамен мұқият форматталған көркем фильм киносценарийінің бір беті экран уақытының бір минутына тең келеді. Сәйкесінше, 120-беттік фильм жуықтап алғанда, 120 минутты немесе екі сағатты қамтиды. Телевизиялық киноларға берілетін уақыт та 120 минутты құрайды; дегенмен ортанқол телевизиялық кино 95 минутқа ғана жалғасады. Қалған 25 минуты жарнамамен және арнаның промо-роликтерімен толады. Егер автор телевизиялық киноға арналған сценарийді ұсынуы керек етсе, сценарий 95 беттің айналасында шығады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==