Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
445 Қойылым Дәстүрлі сценариймен салыстырғанда, хай-концепт сценарийі әдетте жоғары төлемді талап етеді. Сондай-ақ хай-концепт сценарийін ұсынсаңыз пысқырып та қарамайтын продакшн компанияның өзі оқиды. Әсіресе агенттердің сцена- рийіңізге зер салып қарарлық уақыты тапшы болуы мүмкін, бірақ санаулы сөй- леммен нығыздалған, сапалы тауар белгісі ұрылған хай-концепт туралы естісе болғаны райынан қайтып, сіз ұсынған сценарийді қарай алады. ҚОЙЫЛЫМДЫ ТАЛДАУ Жаңалық таратпайтын телевизиялық продакшн Нью-Йорктен Холиудқа көшкен кезде, бағдарламаны таспаға жазуды кинопленка алмастырды. Қазіргі уақытта кинопленка орнына цифрлық жазба қолданылады. Кинопленкаға қол- данылатын негізгі тәсілдер цифрлық қалыпқа айна-қатесіз түсті. «Таспаға түсірілген» қойылым Цифрлық жазбаға түсірілген фильм автордан гөрі режиссердің қолынан шық- қан туынды саналады. Режиссер монтаждау бөлмесінде отырып-ақ, қойылымды қайта жазып шыға алады. Режиссер фильм эпизодының арасындағы декорация- ларды, әртістердің киімін, макияждарын өзгерте алады, сондай-ақ жарық пен ка- мераны қайта орнатып, тіпті орындаушыларды тағы бір пысықтап алуына болады. Айта кететін жайт, таспаға түсірілетін қойылым хронологиялық тәртіп бо- йынша түсірілмейді. Белгілі бір декорация немесе локацияда болып жатқан барлық эпизод сценарийдің хронологиялық тәртібіне бағынбайды, дәл сондай уақытта түсірілсе болғаны. Қойылымның, күйдің, ритмнің анық сабақтастығына қол жеткізу қиынның – қиыны. Сол үшін де бір-бірімен қисыны жоқ секілді кө- рінетін эпизодтарды, тіпті жеке кадрларды біртұтас етіп, біріктіруде монтаждың маңызы зор. Сценарист Уильям Голдман «Киногер бюллетені» ( Filmmaker’s Newsletter ) атты туындысындағы Мэй Кармэнмен болған диалогында сценарий жазуды қолөнер- ге теңейді. «Бұл балталау кәсібі. Кемсітушілікті меңзеп тұрғаным жоқ. Ингмар Бергманмен болған жайттың жөні бөлек, бұл ешқандай да өнер емес», – дейді ол. Сонымен қатар: «Сценаристің фильмге қосар ең маңызды үлесі диалог қана емес, құрылым... мұнда хикаяны бастан-аяқ жіті түсіндіретін, адам нанарлық бірдеңе тауып алуға тырысасыз», – дейді. Роман жазушы Голдман киносценарий форма- сын тапты. «Қысқасы, камера асықтырып апшыңызды қуырады, ұсақ-түйекке мән беруге уақыт таппайсыз... осындай қарқын мен құрылым өнері», – деп жазды. Сценарист және профессор Жан Ставарц телевизиялық кино сценарийін театрлық фильмнен бөлек етіп жазудың машықтары жайында былай дейді: «Оқиғаны жеткізу үшін қандай форманы қолданатындығына қарамастан, әңгімелеуді жай баяндап беру деп мәлімдеу тым қарабайыр көрінетін еді. Телевизия мен театр үшін жасалған фильмдердің арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бұл екеуі де әңгімелеудің қабылданған түрлері; екеуі де таңдалған жанрды ұстанады әрі соған ілесіп отырады; екеуінде де сюжет, кейіпкерлер, диалог пен түйін бар. Бұл – басы, ортасы және соңы қамтылған әрекеттер арқылы жеткізілген оқиғалар. Дегенмен театрлық фильм мен телевизиялық киноның арасында айтарлықтай маңызды өзгешеліктер бар, әрі мұны құлаш-құлаш сценарий жазуға құлшынатын кез келген автор ескеруі қажет.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==