Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
10-ТАРАУ 444 Бірінші жұмыстық тритмент, содан кейінгісі де өз дайындығыңызды ширық- тыра түседі. Сосын өзіңізді қойылымды нақтылауға дайын әрі сенімді сезінесіз. Дәл осы тұста жұмыстың орындалу нәтижесінен бөленетін рақат күй пайда бо- лады, көптеген драматург үшін бұл сценарий жазудың ең керемет тұсы. Жақсы жоспарланған болса, қойылым өздігінен жазыла түседі. Ал тритментке бірқатар түбегейлі өзгеріс енгізу керек болды делік, демек, дайындық жұмысын дұрыс жүргізбегенсіз. Тритментке қайта оралыңыз да нақтылай түсіңіз, тіпті басынан бастау керек болса да. Әйтпесе алғашқы нұсқасының едәуір бөлігін толық бітір- діңіз делік, бәрібір сюжеттегі саңылауларды бітеу үшін көптеген қосымша нұс- қаларды керек ететініңізді байқайсыз. Осылайша нақты дайындықтан гөрі, осы жұмысқа көп уақыт пен күш-жігеріңізді жұмсайтын боласыз. ХАЙ-КОНЦЕПТ (HIGH CONCEPT) Егер көркем фильмге сценарий жазып жатсаңыз концепциясын , яғни сцена- рийдің негізгі долбарын сату керек болады. Студиялар мен продюсерлер тек іске асырылатын қалыптағы емес, сонымен қатар сатылатын хикая идеясын сипаттау үшін хай-концепт терминін жиі пайдаланып жүр. Олар іздестіріп жүрген кей- бір дүние – ауқымды аудиторияның көңілін аулайтын және сіз бір ғана сөйлем- мен сипаттай алатын бірегей хикая. Бұл хикая тұтас киноның арқауына айнала- ды. Қысқа қайырғанда, ерекше идеяңыздың сұраныста екендігін алға тартып, иландыруыңыз керек. ScriptForSale сайты ( www.scriptforsale.com ) мынадай үлгіні ұсынады: Фильмнің негізгі идеясы – биліктегілердің бір қылмыскерді тұтқындау үшін басқа қылмыскерді пайдалануы, анығын айтсақ, қос қылмыскерді (қылмыс- кердің біреуі тұтқындалмаған, зорлықпен ұрлаған әйелдердің терісін сыпырып өлтірген) қаныпезер кісі өлтіруші етуді мақсат тұтқан концепцияны игеру. Қыл- мыскерді қамауға алу міндеттелген ФТБ ( FBI ) агенті мен каннибал/адамжегіш психиатрдың арасында ерекше байланыс орнайды. Мұндағы сұранысқа ерекше ие концепция – әлгі психиатрдың ФТБ ( FBI ) агентінің басында психотикалық ойындар ойнай білу қабілеті. Қай кино екенін әлі аңғармаған шығарсыз, бұл «Қо- зылар үнсіздігі» ( The Silence of the Lambs ) киносының хай-концепті. Бірнеше минуттан кейін такси колониалды үлгідегі әсем үйдің жанына тоқтайды. Жек жол ақысын төлеп, көліктен шығады. Төңіректі бір шолып өткеннен кейін абдырап қалады. Көгалды арамшөп басқан. Ал шашы бурыл тартқан қарт жұмысшы терезелерді ағаш тақтайлармен құрсаулауда. Жек қызметшіден не болып жатқанын сұрайды, алайда қарт ләм-мим демейді. Жек ашуға булығады. Ол өзінің осыжерде тұратындығын айтып, қызметшінің жауап қатуын талап етеді. Қызметші: «Бәлкім, сен қателесіп тұрған шығарсың, – дейді. – Себебі кейінгі бес жыл бойы бұл үй бос қаңырап тұрды». Жек аң-таң әрі ашулы күйде. Сахнаны қара түспен қарауытамыз. Психиатр ДОКТОР ГАРРИ УЭСТОННЫҢ кеңсесіндеміз. Ол өзіне ағынан жарылып отырған емделушісі Жек Доббстың әңгімесін тыңдап тұр. Тағысын тағылар. «Кәсіби қаламгердің телесценарий/киносценарий форматы» кітапшасынан алынды. Авторы – Жером Куперсмит.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==