Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

443 Қойылым мазмұндама қолайға жақса тритментті немесе қойылымдық сценарийді сұрата- ды, сосын бағамдайды. Ақырында, тритмент бекітілген соң, дайын сценарийді сұратады. Нобай/тритмент сатып алушыға қолғабыс етеді, сонымен қатар сценарист жұ- мысының ілгері басуына қисапсыз пайдасын тигізеді. Бұл екеуі туындыңыздан жақсы қойылым шығу-шықпауын анықтап береді. Тритментті бабына келтіріп өрбіту және електен өткізу – қойылымның кемшін тұстарын жойып, ал басым тұстарын одан сайын күшейтуге көмектеседі. Қойылым қалыбын құрғанда ба- қылау нүктелерінің тоқтаусыз серияларын тритмент қамтиды. Осылайша сцена- рий жазғанда туындайтын қиындықтар еңсеріліп, әбден қажытатын жұмыстан арылып уақыт үнемдейсіз. Соңыра туындайтын мәселелерді жою үшін басынан бастап қайта жазып әуре болмайсыз. Бекітуге берілетін «жария» тритмент жазбас бұрын, қойылымды құрастыруға себі тиетін тәптіштеп жазылған жұмыстық тритмент дайындап алған жөн. Бұл жұмыстық тритментте қойылымның мақсаты, тақырыбы, тарихы, кейіпкерлер, негізгі сюжет желісі және диалог түрлері қамтылуға тиіс. Барлық кейіпкердің шығу тарихын да қоса кетіңіз. Жобасы нақтыланған әр сахнаға хронологиялық тәртіппен сюжеттің мазмұнын әзірлеңіз. Экспозиция мен дайындық элементте- рін қағаз бетіне түсіріп алыңыз. Сюжеттің эпизодын жүйелеп және кейіпкердің әрекеттерін ойластырған соң, не айтатынын әрі қалай жеткізетінін, диалогтың маңызды әрі көрнекі тұстарын қосыңыз. Тіпті қарапайым формада жазылған жұмыстық тритменттің өзі қойылым жазуды бастамас бұрын негізгі құрылым- дық элементтерді ұғынып алуға жағдай жасайды. Ұсынылатын жұмыстық тритмент ақырғы қолжазба секілді сала құлаш бол- сын-ақ, ал бекітуге арналған тритмент қысқа да нұсқа келеді. Себебі бұл жер- де сюжеттің баяндалуына, кейіпкерлердің анықтамасына және әрекеттерге баса мән беріледі. Үшінші тарауда Глэдис-Режинальд-Бич сахнасының форматтық үлгілерімен мазмұндас болатын нобай мен тритменттің сұлбасын оқисыз. Тек бір беттік сце- нарийге сүйенген нобай мен тритмент тым қысқа келеді. Үшінші тараудағы Сце- наристер гильдиясы ұсынған форматтардың үлгілері сәл ұзақтау және төмендегі нобайдың бастапқы бөлігінде тритмент ретінде ұсынылған. «Адасқан адам» (The Lost Men) Бір сағаттық телесценарий нобайы Авторы – Билли Бард. БІРІНШІ АКТ Сахнада кәдімгі қала сыртындағы теміржол станциясы бейнеленген. Кешқұрым. Жолаушылар станция іргесінде тұрған көліктерге (әйелдер жүргізетін) қарай ағылуда. Олардың арасынан қасқа басты әрі денесі мығым қырық жастағы бизнесмен ЖЕК ДОББСТЫ байқаймыз. Досы ФРЕД МАКАЛИСТЕР лифтіні қолдануға кеңес береді. Ол болса әйелінің күтетіндігін айтады. Әйелін бірнеше минут бойы күткеннен кейін, станция таксиін ұстауға бекінеді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==