Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
10-ТАРАУ 442 Бір сахнадан келесі сахнаға дейінгі қозғалысты қарауыту, баяндау, музыкалық арқау немесе дыбыс эффектілерімен жалғауға болады. Екінші тараудағы көрер- меннің жардан құлағалы тұрған көлік ішіндегі кейіпкерді бақылауы, автордың аудитория назарын көліктің шыңырауға құлап бара жатқандығына немесе жүр- гізушімен бірге төменге сырғып бара жатқан көлікке назарын аудартуы туралы мысалға құлақ түріңіз. Дыбыс қосуға сараңдық танытпаңыз. Кейіпкердің әрекетін сүйемелдейтін ды- быс эффектілері сахнаны айқындай түседі. Кейіпкерлердің сахнаға кіріп-шығуы қойылған дыбыстан-ақ белгілі болуы қажет. Музыка сахнаның күйін және атмос- ферасын қалыптайды. Дыбыс пен музыка уақыт және орын өткелдерімен қамта- масыз етеді. СЦЕНАРИЙДІ ӨРБІТУ Ендігі кезекте дұрыс драматургияның қағидаларын білесіз! Алайда сапалы қойылым жазуға қабілетті екендігіңізге кепілдік бермейді. Драма жазу әуелі шабытты, сосын дарынды керек етеді. Бұл екеуі сізде бар делік. Дей тұрғанмен, драма жазуға әлі дайын емессіз. Ең әуелі, қойылымдық сценарий , тритмент , нобай немесе мазмұндама қажет. Танымал әрі тісқаққан автор жазған дайын сценарий талқыға түспес, дегенмен жауапты редактор алдымен тритментке қа- райды. Тритмент, қойылымдық сценарий немесе нобай Қойылымдық сценарий, тритмент, мазмұндама немесе нобайдың алуан түрлі анықтамасы бар. Кей кездері бұл терминдер бірін-бірі алмастырып тұрады. Кей- де, осы кітаптағыдай, мазмұндама мен нобай санаулы беттен тұратын сценарий- дің бастапқы, ықшам нұсқасы саналады. Ал қойылымдық сценарий мен трит- мент дайын сценарийдің үш-бес беттік, кейде одан да көп сала құлаш презента- циясына қатысты айтылады. Америка және Шығыс Жазушылар гильдиясының «Кәсіби қаламгердің телесценарий/киносценарий форматы» ( Professional Writer’s Teleplay/ Screenplay Format ) атты буклетінде: «Телесценарий/киносценарийдің қай- сысы болмасын тритмент деп аталатын жік-жігі тарқатылған формада нобай сы- зудан басталады. Бұл өзіңіз сипаттайтын хикаяның әр сахнасын кезек-кезегімен баяндайтын анықтама, мұның ішінде бас кейіпкерлердің айтатын сөздері бар но- бай да жүреді. Сонымен қатар тритмент бірнеше маңызды кадрлар мен диалог үзінділерін де қамтиды». Гильдия нобайдың/тритменттің ұзақтығы бойынша, мынадай нұсқаулықтарды ұсынады: жарты сағаттық телесценарий үшін – 10–15 бет, бір сағат үшін – 15–25 бет, 90 минут үшін – 25–40 бет және екі сағаттық қойы- лым үшін – 40–60 бет жетеді. Синопсис, сценарлық жоба немесе қысқаша мазмұн/аңдатпа редактор мен продюсерге драманың идеясы не жайында екендігін баян етеді. Бұл ұсыныл- ған сценарийдің редактор мен продюсердің белгілі бір бағдарламаларына сай талап-тілегі болатынын білдіреді. Драманың құрылымы анау айтқандай жақсы шыққанымен, нақты бір шоудың формуласына сәйкес келмесе, толық сценарий- ді даярлау ісі сценаристің уақытын текке кетіреді. Кейбір продюсер мен редакторлар жалпы идеяның дұрыс бағытта келе жат- қандығын анықтау үшін, алдымен нобай мен мазмұндамасын көргісі келеді. Егер
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==