Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

441 Қойылым Видео Автор аудиторияны кейіпкердің алда орындайтын әрекеттері мен қойылым оқиғаларына ептеп, баппен дайындауы керек. Төтеннен тосын жайт тап берме- сін. Көрермен қандай да бір әрекет орындалған соң өткенге көз жүгіртуі керек, сонымен қатар кейіпкердің болмыс-бітіміне немесе барлық мән-жайдың осы оқиғаға соқтырғандығына нануы қажет. Видеодрамаға берілетін қысқа уақытта дайындықтың ережелерін ықшамдап, сценарийдің ең бастапқы тұсына бірікті- руіңіз қажет. Аудио Радиожүргізуші түрлі нюанстарға толы дайындықты (мысалы, тапанша ке- зенген кейіпкер ірі планмен көрсетілді делік, шын мәнінде, ол ешкімге қылдай қиянаты жоқ адамдай көрінеді) визуалды түрде ұсына алмайды, сол себепті ке- йіпкердің не істейтінін өзіңіз ғана біліп, аудитория түсінбей қалмасын. Қалай болғанда да, радио тыңғылықты дайындықты талап етеді. Декорация/Фон Декорация қойылымның формасы мен кейіпкерлердің физикалық ортасына қарай анықталады. Декорация қойылымның түрін анықтайды: реалити, фарс және фэнтези. Декорация қойылымның локациясын, фонын және айналасын ұсынумен қатар көрермен мен орындаушыларға көңіл күй сыйлайды. Қойылым мен автордың психологиялық, эстетикалық мақсаты ретінде де қызмет етеді. Де- корацияның дені кейіпкерлердің әрекетін жүйелі түрде көрсету үшін және қо- йылымның алдағы қозғалысымен астасып жатуы керек. Видео Видеодрама, негізінен, мазмұны және мақсаты жағынан таңдамалы реализм негізіндегі қойылымға келіңкірейді және мұнда шындыққа жанасатын сахналар қажет. Дегенмен медиумның электронды ерекшелігі кез келген уақытта сахна- ның түр-түрін құруға, арман болған эпизиодтың фантазиялық топтамасы неме- се флэшбәктен фантастиканың жасанды декорацияларына дейін құрастыруға мүмкіндік береді. Музыкалық видеолар декорацияның эстетикасына, жарнама роликтеріне, тіпті драмаға өз ықпалын тигізді. Аудио Радиодағы қойылымдық сахна диалогпен және дыбыспен ғана беріледі, ал медиумда автор мен аудиторияның қиялымен шектеледі. Тіпті видеосценарист құзырындағы декорациядан бөлек, ең күрделі арнайы визуал эффектілер болған күннің өзінде аудиторияның қалағанынша небір сахна құра аласыз. Жарнама- лық радиоға қойылым жаза қоюыңыз екіталай көрінгенімен, радио жарнамасы мен очеркіне сай сахнаны құрастыруыңыз әбден мүмкін.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==