Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
10-ТАРАУ 440 Экспозиция Экспозиция кейіпкердің ғұмыр жолын, ситуацияны, сонымен қатар сол сәтте- гі жай-жапсарды аша түседі. Бұл тым жасанды қалыпта немесе телефонмен әң- гімелесу, жалшы қызметкер, немесе көршіні тарту секілді қисынсыз тәсілдермен жасалмауға тиіс. Экспозиция қойылымның өрбуіне қарай боямасыз қалыпта іске асып, әрекеттің логикалық бөлігі ретінде көрінуге тиіс. Кейіпкерлерді, сюжетті және конфликтіні аудиторияға түсінікті ету үшін мейлінше экспозицияны ер- терек ұсынған дұрыс. Реалити-шоу сахнаны орнату және әрекетті қайталау үшін кей кездері жүргізушіні, баяндаушыны тіпті кадрдан тыс мәтінді қолданады. Видео Бір реттік видеодрамаға тиесілі қысқа уақыт тек экспозицияны ықшамдауға жол ашады. Бірден конфликтіге ену қажеттілігі экспозицияның мүмкіндігінше тезірек жинақталып, ұсынылуын талап етеді. Кейіпкерлері, сюжеті және сахнасы аудиторияға бұрыннан таныс сериалдардағы экспозиция бір эпизодтағы сюжет- тік желіні шарықтататын шиеленіс үшін қажет-ақ. Аудио Аудио қалыпта ұсынылатын экспозиция қиындау, себебі тек диалогпен және дыбыспен ұсынылуы қажет. Аудиторияның кейіпкерлерді немесе декорация- ны көре алмау себебінен, автор бұл элементтерді мүмкіндігінше ертерек анық- тап беру мақсатында экспозиция ұсынсын. Радиосценарий жазу ісінде ауызша анықтама арқылы экспозиция ұсыну үрдісі бар; дегенмен кез келген сапалы қо- йылымдағыдай, мұндағы экспозиция да әрекет арқылы көрсетілуге тиіс. Мәселе- нің шешімін табуға бет алған радио, кейде басқа медиада сирек пайдаланылатын баяндаушы әдісін қолданып жүр. Бұл баяндаушы әдіс әрекеттің бір бөлігі бола алуы мүмкін (мысалы, не болып жатқандығы туралы аудиториямен сөйлесіп тұрған кейіпкер) немесе драмадан толығымен ажыратылып алынған кейіпте бо- луы мүмкін. Дайындық Дайындық немесе жорамал – бұл алда болатын оқиғаларды логикалық және қисынды кейіпте ұсыну үшін аудиторияны сол оқиғаларға дайындайтын мате- риалдың (диалогы және әрекеті арқылы) дәнін себу. Дұрыс дайындық кейіпкер- лердің әрекетін пысықтайды. Қойылымның соңында «Қап, сол кейіпкер бұлай істемес еді» немесе «Орынды аяқтау деген осы ма»? деп сан мәрте айтқан шы- ғарсыз? Әркез есіңізде болсын, кейіпкеріңізді шарықтау шегін тездететін және қойылымды реттейтін әрекетке жеткізуге тырысыңыз, сол әрекет кейіпкердің қо- лайына сай келсін және өзі атқаратын ісі болсын. Кейіпкерді сюжеттік желіні аяқтау үшін құрғандығыңызды білдіртпеңіз. Көрерменнің көкейінде күмән қал- масын. Аудитория мүшелері ешқашан «оу, неткен ғажап!» деп айтпай-ақ қой- сын, тым құрығанда иландырып «әлбетте!» дегізуден жаңылмау керек. Реалити- шоудағы мақсат – ақырғы түйінге дейін аудиторияның жорамалын ұстап тұру.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==