Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

439 Қойылым ңыз, деректі фильм сценарийі немесе ешкім қызықпайтын қойылым жазғансыз. Реалити бағдарламаның монтажында бұл мәселе күзеліп, түзеледі. Диалог кейіпкердің тұлғасына сай келсін. Қойылымның өне бойында кейіп- керді бір ізге салыңыз, сюжеттік желіні өрбітумен кейіпкерді аша түсіңіз. Қойы- лымда бірнеше кейіпкер ойнайтын болса, олар әрқайсысына тән тұлғалық ке- йіптері мен өткен өмір жолына байланысты түрліше сөйлейді. Кейіпкерлердің диалогтағы орындарын ауыстыратын болсаңыз, басыңыз бәлеге қалады. Видео Видео ұсынылатын ситуацияны жеткізуде және экспозицияны бейнелеу ке- зінде визуалды әрекетті түрлендіре алады. Жалпы план және ірі план орнатыл- ғанда кейіпкердің мекенді немесе затты тіпті сезімді сипаттайтын, көп уақытты қажетсінетін диалогы түкке де қажет емес. 1-тарауда фильм продюсері бродвей- лік драматургтің тритменттегі 30 минуттық диалогты бір минуттық визуалды әрекетпен қиып тастағаны туралы қысқа оқиға есіңізде шығар? Диалогты мей- лінше жұмырлап, бейнені алға шығарыңыз, әрекет пен реакцияға ден қойыңыз. Дей тұрғанмен, сақ болыңыз, «артық етем деп тыртық етпеңіз». Ірі планды көп қолдансаңыз біртүрлі әрі мелодрамалық қалыпта шығуы мүмкін. Диалогтағы әрбір сөз аудиторияға ұғынықты жетсін және сюжетті әрмен қа- рай жетектеп кететіндей жазылуға тиіс. Конфликт енді-енді аудиторияны өзіне бұрып жатқанда, шоу басындағы жұмыр диалогтағы экспозицияның жұмыс іс- теп кетуі қиынырақ, дегенмен астасып жатқан әрекетті ұсыну кезінде де қажет- ті қосымша ақпарды ұсынуыңыз қажет. Мол табысқа кенелген драматургиялық бағдарламалардан үлгі алыңыз: диалогты қысқартудан тартынбаңыз, сосын қай- талауға ұрынбаңыз. Аудио Телевизия немесе монитормен салыстырғанда радиодағы диалогтар ұсыныл- ған ситуацияны, кейіпкерді ашу және сюжеттік желіні өрбіту процесін бейне- лейді. Сонымен қатар аудиторияға декорация мен әрекеттерді жеткізу үшін қол- данылады. Радиодағы дүниенің бәрі диалог, дыбыс эффектілері, музыка және үнсіздік арқылы жетеді. Шоуды визуалды қалыпта көрсете алмау себебінен – диалог (және дыбыс әрі музыка) кейіпкерлерді жіті таныстыруға тиіс, олардың кім екендіктерін, тіпті қайда тұрғанын, әрекеттеріне дейін суреттеу керек. Деген- мен суреттеген осы екен деп, оларды бүге-шігесіне дейін сипаттау еш қажет емес. Мысалы, кейіпкердің: «Егер сіз ғафу етсеңіз, мен отырған алтынмен апталған Людовик XIV орындығын жылжытып, кіре беріс есігіңізге қарсы беттегі жезден жасалған киім ілгіште ілулі тұрған қоңыр кашемир пальтомды алып, өз жөніме бара қояйын» немесе «Енді біз алтыншы қабатта орналасқан, қабырғасында түр- лі нақыштары бар, терезелерінің бұрыштарында орнатылған стереодинамикала- ры және бөлменің қақ ортасындағы қызыл масаты кілемдегі матрасы бар менің «бойдақ» пәтеріме келген кезде...», – деуі тым қарабайыр шығады. Мұның барлы- ғы кейіпкерлер арасындағы диалогта табиғи қалыпта көрсетілуге тиіс.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==