Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

10-ТАРАУ 438 Телевизияның механикалық, электронды және цифрлық тәсілдері кейіпкер мен аудитория арасында физикалық жақындық пен жанашырлық орнатуға жағ- дай жасайды, бұл кейіпкерлердің интимдік, ішкі болмысын ұсынуға себепші бо- лады. Телевизия авторы режиссер арқылы аудиторияның назарын кейіпкердің жеке сезімін беретін ұсақ-түйекке аударта алады, осылайша кейіпкерлер туралы мәліметтер ұсынады. Әйтпесе ауызша түсіндіруге тура келетін еді. Телехикая, мейлі, бір сағаттық драма болсын, жарты сағаттық ситком болсын белгілі бір конфликтілерден өтетін нақты кейіпкерлермен басталады. Кейіпкер, диалог, мекен және уақыт бойынша өрбітілген негізгі сюжет құрылымындағы әр аптаның эпизоды келесі шиеленісті туғызады, сәйкесінше, кейіпкердің бас- қа түскен іске реакциясы мен қалай еңсергенін көрсетіп отырады. Әр сериядағы шарықтау шегі осы шиеленіске байланысты болады және негізгі конфликт келесі апта бойы да жалғаса береді. Сайып келгенде, сценаристің жаңа кейіпкерге емес, сюжеттің жаңа элементіне ден қойғанын көреміз (нақты шиеленіске қатысты ен- гізілетін, кейде бір-бірімен астасып жататын сюжеттің бөлігі ретінде қатысатын кейіпкерлерді қоспағанда). Жақсы автор кейіпкерлер арасындағы қатынастардың үлкен маңызға ие екен- дігін жақсы біледі, яғни кейіпкер мен сюжет арасындағы эпизодтың, оқиғаны анықтап тұрған кейіпкер және керісінше кейіпкерді айқындап беретін оқиғаның қаншалықты маңызды екендігін ұмытпайды. Сыншылар тарапынан оң бағасын алған, әрі өзіңіздің көңіліңіз толатын кез келген телехикая туралы ойлаңыз. Қо- йылымның қозғаушы күші – сюжет емес, кейіпкер. Телевизияда негізгі драма- тургиялық ережелерге сүйеніп субъективті, жеке-дара портретке мән беріңіз, сонда ғана кейіпкерлеріңіз видеодрамадағы мотивациялық күшке айналады. Аудио Радиодағы визуалды қабылдаудың жоқтығы телевизиядағыдай кейіпкердің сөйлеуі мен әрекетіне байланбайды, тек не айтылғанымен ашыла түседі. Алай- да бұл дұрыс емес. Кез келген медиум кейіпкерінің әрекетімен танылады. Радио мен телевизия арасындағы айырмашылық – радиода кейіпкердің әрекеті визуал- ды түрде көрсетілмейді, тек дыбыс және диалог арқылы жетеді. Әйтпесе телевизияның да, радионың да қағидалары ортақ: кейіпкерлер өз болмысына сай болсын, сюжетке мотивация беріп, шын өмірдей шықсын әрі бір-бірімен байланысып жатсын. Дегенмен визуалды сәйкестендіру болмайтын- дықтан дауыстардың көптігі радио аудиториясын жаңылыстырып жібереді, сон- дықтан қойылымдағы және кез келген сахнадағы рөлдер көбейе бермей шектелуі қажет. Диалог Қойылым (алайда міндетті түрде реалити-шоу емес) деректі фильм секіл- ді шынайы кейіпкерлерді немесе өмірді боямасыз қайталамайды, әсірелеп әрі жинақтап беруге тырысады. Сол себептен де драманың диалогы көшірілгеннен гөрі, күшейтіліп әрі жинастырылып ұсынылуы керек. Шынайы өмірдегі диалог кейде айшықты әрі байыпты келеді, көбінесе жайбарақат, бәсең, ақырын айты- лады. «Бұл кейіпкердің шынайы өмірдегі жасағаны» немесе «Бұл кейіпкердің өз айтқаны» деу арқылы кейіпкеріңізді ақтай да алмайсыз. Бұлай айтатын болса-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==