Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
437 Қойылым Аудио Радиодраманың сюжеттік құрылымы теледрамамен бірдей: экспозиция, кон- фликт, шиеленіс, шарықтау шегі және шешімі болады. Үдемелі әрекет шиеленіс тудыртуы керек және аудиторияны ұстап тұруы қажет. Конфликт қойылымның басында пайда болуы мүмкін, сол себепті экспозиция әрекеттердің дамуына қа- рай ашыла түседі. Радиодраманың видеодағы сюжеттік желіден басты айырма- шылығы – сценарист қаптаған қосалқы сюжеттерден қашқақтап, бір немесе екі қарапайым сюжеттік желі немесе конфликтілерге ден қояды. Себебі радионың аудиторияда визуалды ортадағы секілді кейіпкерлерді көретін және оңай ажы- ратуға мүмкіндігі жоқ. Кейіпкер Кейіпкер, сюжет және диалог – қойылымның үш маңызды жиынтығы. Бұлар- дың барлығы түп-түгел және біркелкі біріктірілуі қажет. Кейіпкер әрекеттің басты қозғаушы күші әрі сюжет пен диалогты анықтаушы. Жаңадан кіріскен автор же- ңілдің астымен, ауырдың үстімен жүруге бейім, сюжет құрылымына сәйкес кейіп- керлерді енгізуге тырысады. Көп жағдайда, бұл еш нәтиже бермейді, себебі кейіп- керлер жасанды көрінеді, кейде тіпті аудиторияны жаңылыстырып та жібереді. Әрекетті тек кейіпкерлердің сапасы анықтап қоймай, сонымен қатар кейіп- кер де сол әрекет арқылы ашыла түседі. Бұл кейіпкер туралы айтылған ақпарат арқылы емес, конфликтіні еңсеру жолында шиеленістерге әсер етіп, драмадағы кейіпкердің сөзі немесе жасайтын әрекеті арқылы іске асады. Күйзеліс сәттерінде адамның жасайтын әрекетіне қарап, кейіпкерді тиім- ді анықтауға болды. Бұған ішкі психологиялық әрі физикалық әрекет те кіреді. Кейіпкер қойылымның өне бойында айтқан, жасаған әрекетінде жүйелі және шындыққа жанасымды қалыпта болуға тиіс. Бұл кейіпкердің шын өмірдегі адам- ның көшірмесі екендігін білдірмейді. Шынайы өмірдегі қалпынан асып түспесе шалажансар бейнеленбеуге тиіс. Реалити-шоулардың кейіпкерлері – өмірде бар нақты адамдар, дегенмен олардың арасындағы конфликт пен бәсекелестікті бол- дыру қаншалықты мүмкін екендігіне сенімді болу үшін арнайы іріктеледі және алдын ала құлақтандырылады. Видео Уақыттың шектеуі қойылым кейіпкерін өмірде қалай бар солай беруге ың- ғай бермейтінін видео авторы жақсы біледі. Драматург «Алайда бұл оның шын өмірде жасағаны!» деп ақталғаны ем емес. Кейіпкерді қалыптағанда «өмірдегі шыңға шыққан», «шыңырауға түскен сәттеріне» ерекше көңіл аударыңыз. Жеке кейіпкерді таңғаларлықтай қалыпта аша түсетін әрекеттерге ден қойыңыз. Қой- ылымның мақсатын әсерлі қалыпта ашатын бірнеше кейіпкерге ден қойыңыз. Керексіз адамдарды қолданбаңыз. Басты конфликтіге және тұтас сюжеттік же- ліге қатыспайтын кейіпкер қойылымға кірмейді. Егер қосымша кейіпкерге сұ- ранып тұрса, ебін тауып қосуға тырысыңыз. Алайда негізгі кейіпкерлер көбейіп кетсе, қойылымға деген көзқарасыңызды тезге салыңыз. Әрине, бұл қағида ұзын сонар сериалдарға жүрмейді, себебі апталап, айлап көрсетілетін кейіпкерлердің сабақтастығы жан-жақты ашылуға, рөлдерін өрбітуге уақыттан тапшылығы жоқ.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==