Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

10-ТАРАУ 436 ғанымен, кейбір кейіпкердің созылатын негізгі конфликтісінің соңғы шарықтау шегіне жетпейді – серия тек жаңа шиеленіспен апта сайын түрленіп отырады. Боямасыз өмірдің көрінісін қалайша драмаға жұп-жұмыр жинақтай аласыз? Жорж Пирс Бейкердің «Драмалық техника» (Dramatic Technique) кітабындағы кейбір тәсілдерді қарастыралық. Біріншіден, драматург «бір уақытта, бірақ басқа адамдармен басқа орында болған оқиғаны бір жерге біріктіріп» көрсете алады. Екіншіден, кейіпкермен бір сахнада, бірақ әртүрлі уақытта болған оқиғаларды біріктіріп ұсынуға болады. Үшіншіден, «екі адаммен бірдей орында, бірақ әр- түрлі уақытта болған оқиғаны тек бір адам кешкендей етіп құрастыруға болады». Соңында, «басқа адаммен басқа уақытта және басқа орында болған оқиғаны кез келген адамға қиюластыруға болады». Бейкер: «Мұндағы барлығын нығыздау- дың маңыздысы сол – өз қалағаныңыздан да көп сахнаға көміліп отырсаңыз, ең алдымен, қай сахнаңыздың қажетті әрекеттерді қамтитындығын және қайсысы- ның декорация ретінде сақталуы қажет екендігін анықтап алыңыз. Кейін басқа сахналардың қайсысы сіз таңдаған сахнамен көркемдік жағынан түйісе алатын- дығын ескеріңіз», – деп қорытындылайды. Егер сіз екі сағаттық немесе одан да көп уақытқа созылатын арнайы телеви- зиялық хабарға, жалпы телевизиялық фильмге сценарий жазбайтын болсаңыз, бағдарламаның ұзақтығы конфликтіні мүмкіндігінше тезірек кірістіргендігін та- лап етеді. Сахналық қойылым өткен өмірді экспозиция арқылы актіні түгел көр- сетеді, ал теледраманы бірден конфликтіден бастауға болады. Уақыт шектеуінен бөлек аудиторияның көңілін аулап және оны ұстап тұру қажеттілігі басты себеп саналады. Ақшасын төлеген әрі орнынан тұрып кетуге дәті бармайтын театр мен кинотеатр аудиториясына қарағанда, басталған сәттен драмаға көз тігіп отыр- майтын телевизия не iPhone аудиториясы бірден басқа арнаға ауысады немесе өшіре салады. Видеодрамадағы конфликт дер уағында берілсін әрі бастапқы қыспақтың ма- ңызды сәтін сипаттасын. Конфликт ұсынылып қойғанның өзінде де фонды неме- се экспозицияны талап етеді. Кейіпкердің диалогы немесе әрекетімен-ақ оның кім және қайда екендігін сипаттайсыз, сосын оқиға уақытын белгілеп әрі қандай әрекеттің, оқиғаның конфликтіге ұластырғанын сипаттауыңыз керек. Жоғарыда аталған уақыт және кеңістік шектеуі себебінен, тұлғалар немесе жеке тұлға арасындағы конфликт, топтар немесе қандай да үлкен массивтер не күштер арасындағы конфликтілерден әлдеқайда тиімдірек. Телевизиялық драма және ситкомдардағы бір үрдіс – мұнда сан алуан жеке тұлғалар қашан көрсең де дауласып, бір-бірімен бәсекелесіп жүреді. (Бұл да көптеген реалити-шоуға тән қасиет). Шиеленісті есте ұстаңыз. Жеке серияның ұзақтығы шиеленістердің санын шектесе де, еншіңізде басты кейіпкерлердің әрекеттерін бекіту және құрастыру- ға жеткілікті уақыт болуы қажет. Сюжетті әрі қарай жылжыту үшін жайдан-жай кейіпкерлеріңізге қалаған нәрселерін істете алмайсыз. Ойластырылған барлық әрекеттер орындалуға тиіс, себебі бұл – сомдайтын адамдардың түрлеріне сәйкес өзін-өзі ұстауға итермелейтін шиеленістерге кесірін тигізеді. Әр шиеленіс кейіп- керлер мен әрекеттерді шарықтау шегіне жақындата түсіреді. Егер қандай да бір моральдық қағидаға қатысты күдік туындамаса, уақыт шек- теуі үнемі телевизияны шешімнен басыбайлы бас тартуға мәжбүрлейді. Кейде шешім шарықтау шегінің бір бөлігіне айналып кететіні бар. Кейбір шоуда қо- йылым шарықтау шегімен аяқталады, кейін ақтық жарнама ұсынылып, сосын шағын шешім немесе эпилог үшін драманың сценарийіне қайтып оралады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==