Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
435 Қойылым Сюжет Қойылым сюжетінің құрылымы жеке адам немесе топтың қандай да бір күш иесіне қарым-қатынасынан туындайтын шиеленістен тұрады. Мұны екі немесе одан да көп күш қақтығысатын конфликт деп түсіну керек. Конфликтіні қойы- лымда, мүмкіндігінше, тезірек ұсынған дұрыс, себебі пьесаның қалған бөлігі сол элементке ілесіп және сол элементтің негізінде құрастырылады. Сосын шиеле- ністер не күйзелістер сериясы ұсынылады, олардың әрқайсысы басты конфлик- тімен байланысты қосымша қиындықтар туғызады әрі олар ерекше қарқынмен үдейе түседі, осылайша бүкіл қойылым ақтық күйзеліс немесе шарықтау шегіне жетеді. Шарықтау шегі қақтығысушы күштер бетпе-бет кездескен сәтте және бұл күштерде тіпті біреуінде өзгеріс орнағанда пайда болады. Мұны иірім нүктесі деп түсіну керек. Бір күш жеңіп жатқанда, екіншісі жеңіліске ұшырайды. Қойы- лым осы тұста-ақ аяқталып қалуы әбден мүмкін. Алайда шарықтау шегі нәти- жесінде, қатысқан күштер мен кейіпкерлердің жайы не болғандығы туралы қо- рытынды түсініктеме беріп өткен дұрыс. Сюжеттің қалған құрылымы резолюция/ шешім деп аталады. (Реалити-шоулардың бұл схеманы қаншалықты ұстанып жүргендігін тағы да ескеріңіз). Қойылымның қарапайым сюжеттік қалыбы былайша құрылады: Экспозиция Конфликт Шиеленіс Шарықтау шегі Шешім Шиеленіс ©Cengage Learning компаниясы Видео Теледраманың сюжеті жоғарыда көрсетілген диаграммадағы қалыпқа сүйене- ді. Жарты сағаттық немесе бір сағаттық видеодрама үшін, уақыт шектеуі тығыз сюжеттік желі мен эпизодтан-эпизодқа дейін ұласып жатқан жұмырлықты та- лап етеді. Сағаттап сырғыған, күнбе – күн жылжыған немесе жылдар бойы ке- шетін өмірді санаулы минут ішінде ұсынуымыз қажет. Боямасыз өмір сүреңсіз көрінер, ал драма көркемдікті талап етеді. Көптеген теледрамаға арналған қыс- қа уақыт ішінде сюжеттегі кейіпкерлер кешкен соқтықпалы-соқпақсыз ғұмыр жолы қамтылса игі. Қысқа әрі ықшам сахнаны көздеңіз. Күндізгі телехикая секілді жалғаспалы серияларда сюжет желісі әдейі созыла- ды. Әр серияда аудиторияның көңілін қалдырмау үшін шарықтау сәт(тер)і бол-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==