Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
10-ТАРАУ 434 диториясын кез келген мекенге апарып, кейіпкерлеріне ойына келгенін істеткізе алады. Радио шексіз алуан түрлі санадағы бейнелерді құрастыра алады. Радио- драма жазу – күндердің бір күнінде жарнама немесе аудио медиумға арнап сце- нарий жазатын қаламгер үшін жақсы жаттығу. Қойылым құрылымының классикалық компоненттері: (1) тұтастық; (2) сюжет; (3) кейіпкер; (4) диалог; (5) экспозиция; (6) дайындық және (7) декорация (сахна). Қай медиумға жазылғанынан қарамастан, қойылымның негізгі принциптері бә- ріне жарай береді. Видео мен аудиоға қолданылатын арнайы сипаттамалар осы қағидалармен астасып жатады. Тұтастық Қойылымдағы барлық элементтер бір-бірімен жымдасып әрі сабақтасып жат- сын, сайып келгенде, драматургтің діттеген мақсатына жол ашсын. Мұны әрекет пен әсерлер тұтастығы деп түсінген жөн. Басқа бір элемент аудиторияға жететін жалпы әсердің тұтастығына селкеу түсірмесін. Видео Уақыт пен мекеннің тұтастығы – телевизия, фильм және интернетте қалауын- ша еркін әрі тұрақсыз. Телевизия минуттар, тіпті секундтар ішінде алуан түрдегі сахналарды ұсынады. Драматург Август Стриндберг өзінің «Арман пьесасында- ғы» ( A Dream Play ) «Авторлық жазбасында» (Author’s Note ) телевизия жетістікке жету үшін театрдан үміт етті: ситуация «кез келген жағдайдан: бәрі де мүмкін және ықтимал жайттан» шығады. Стриндберг қойылымды жақтап: «Уақытқа және кеңістікке бағынбайтын» естелікті, тәжірибені, шексіз фантазияны, абсурд- ты және импровизацияны мидай араластыру – қиялды шарықтатады әрі жаңа өрнектерге жол салады», – деген. Коммерциялық телевизиядағы кейбір автор- лар, продюсерлер және режиссерлер медианы тек нарық алаңы ретінде ғана емес, одан да үлкен құрал ретінде көреді. Өздерінің драмалық өнімдеріне, клип- тен бастап жарнамаға дейін видеоарт өнерін тұздық етеді. Алайда әрекет пен әсердің тұтастығы теледрама үшін, ең дәстүрлі сахналық пьесалар үшін де маңызы зор, сонымен қатар телевизия қаламгері өз туынды- сында осынау маңызды тұтастықты ұсына алғандығына сенімді болуы қажет. Әр эпизод басқа эпизодпен тігісі жатық ұлассын, сонда ғана барлығы қойылымнан шығатын жалпы әсерге қызмет етеді. Аудио Радиода уақыт пен орын тұтастығы жоқ. Радио алдағы 20 000 жылға, 20 000 жыл бұрынғы өткен заманға апара алады. Радио кейіпкерді және онымен қосып бізді де Солтүстік полюске, Айға, жунглидегі соғыс майданына немесе Аид пат- шалығының түкпіріне дейін апарады, осылайша қиялымыздың еш кедергісіз ор- нығуына жағдай жасайды. Телевизия және киномен салыстырғанда, радио көз көретін немесе көңіл сенетін визуалды материалдармен шектеліп қалмайды. Мұнда уақыт пен мекенге бағынбағанымен радиода да видеодағыдай әрекет тұтастығы болуы қажет. Сценарий қойылған мақсат пен санамалап дамудың ұш- тасуын әрі тұтастығын сақтаудан жаңылмауы қажет.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==