Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

433 Қойылым Британдық драматург Теренс Раттиган «Театр өнеріне» ( Theatre Arts ) жазған «Пьесаны кейіпкерлер құрастырады» ( The Characters Make the Play ) атты мақала- сында осыған ұқсас пікір айтады: «Менің түсінігімдегі пьеса кейіпкерден, өмір мектебінен, сахнадан, тіпті белгілі бір кезеңнен не тақырыптан туындайды, тек сюжеттен емес. Пайымдауымша, сценарийді қағазға түсірмес бұрын, қойылымды құрастыруды ойда қорытып жүретін ұзақ сонар әрі машақаты мол кезеңде форманы дәл табу үшін сюжеттен асқан дауа жоқ. Кейіпкерлер дұрыс құрастырылса, адам тұрмысын айна-қатесіз көрсету емес, олардың өзара қарым-қатынасын дұрыс түсінуден пьеса бүр жарады. Тиянақты және айқын ұсынылған кейіпкерлердің бірқатары дәл осындай қалыпта әрекет етеді және солай болуы заңды. Бұдан өз сюжетіңізді табасыз. Егер осы айтылған үдеден шықпаса, кейіпкерлерде шикілік барлығын және қайта басынан бастау керектігін білдіреді». Медиум не жазбақ болған емеурінімізді аудиторияға түсінікті тілде тәпсір- лейді. Фильмге сценарий жазу сахнаға арнап сценарий жазуға қарағанда мүлде бөлек, сол секілді радиоға жазу мен кейінгі медиаға жазудың жөні бөлек, дәл солай телевизияға жазу мен радиоға жазудың арасы жер мен көктей, интернетке жазу мен медианың басқа түрлеріне жазу да салыстыруға келмейді. Сценарий- дің сюжет, кейіпкер, декорация және диалог секілді негізгі элементтерін қарас- тыратын болсақ, оларды сол ортаның эстетикалық, техникалық талаптарына әрі әлеуетіне сәйкес жазып шығамыз. Бастапқы жоспарлау, жетілдіру, зерттеу және талдау ісі аяқталған соң, қа- ламгер келесі қадамға дайын болады. Алайда пьеса жазуға емес. Оған әлі ерте. Келесі жасалатын қадам – қойылымдық сценарий, тритмент немесе жік-жігі тар- қатылған нобай әзірлеу. Осы кезеңге дейін өз ісіне үстірт қарамаған қаламгер тәп-тәуір пьесаны, кем дегенде құр қойылымды әзірлеуге шама-шарқысы жетер- жетпесін анықтай алады. Автор қойылым жазылмай тұрып, бастапқы сценарий материалындағы (pre-script material) әлсіз тұстарды сылып тастап, ал жағымды тұстарын нығайтумен мұқият құрастырады және електен өткізеді. Алайда қойылымдық сценарий (scenario), тритмент (treatment) немесе нобай (outline) әзірлемес бұрын автор драматургияның негізгі ережелерін бес саусағын- дай білуі керек. Өз кезегінде медианың фильм немесе видеоқойылымға қатысты өзіндік ережелері болуы да мүмкін. ДРАМАТУРГИЯ КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ 1 және 2-тарауда талқыланғандай, телевизия драматургі телевизия аудито- риясына және сол медиумның өзіне тән арнайы әдіс-тәсілдеріне ерекше мән бе- реді. Көрерменді экранға телміртетін бұл медиумның электронды әлеуеті мен көрушінің субъективті қатынасын аудитория назарын мақсатты бағдарлау үшін біріктіре аласыз. Аудитория көңілі кейіпкердің аянышты оқиғасына аусын, тіпті кейіпкердің болар-болмас субъективті тәжірибесіне де жіпсіз байлауға тырысы- ңыз. Аудиторияны кейіпкердің ең асыл сезімімен, ойымен жақыннан танысты- рыңыз. Бұл мүмкіндік медиумның (телевизияның) өзіндік қасиетінен шығады. АҚШ-та радиодраманы емге таппайсың, сонда да радио «қиял театры» ( theater of the imagination ) деген атынан түскен жоқ. Радиода жалғыз шектеу бар, ол – адам- ның қиялы. Дегенмен радиода локация, декорация, кейіпкерлер саны, түсірілім түрлеріне және уақыттың ауысуына қатысты еш тежеу жоқ. Радио сценарисі ау-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==