Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
10-ТАРАУ 432 ты тұлғадан және психологиялық мотивациядан сіңіретін іс-қимылы. Диалог – кейіпкерлердің міндетті түрде бір себептің төңірегінде әңгімелесуі. Қойылым құрылымында үш негізгі элемент бар: кейіпкер, сюжет және диа- лог. Үшеуі де жүйелі әрі нақты тақырыпқа үйлесуі қажет. Ортақ мақсатты көз- дейтін барлық элементті үйлестіру ісі туындының тұтастығына және біркелкі әсерге жетелейді. Кейіпкердің әрекеті мен оқиғасы қисынға сай болсын. Аудито- рияны осы әрекеттер мен оқиғаларды логикалық әрі тиянақты қалыпта қабыл- дауына дайындаңыз. Бұл дайындық деп аталады. Ал экспозиция – аудиторияға ұсынылатын ситуация мен кейіпкерлердің өткен өмірі туралы ақпар беру ісі. Сонымен қатар кейіпкерлер үшін шындыққа жанасымды орта және фон жасау үшін локацияны анықтап алыңыз. Кейіпкерлерге, тақырыпқа, ситуацияға және фонға қатысты объективті көз- қарасты ұстанатыныңызға сенімді болғаннан кейін барып, олардың әрқайсысын тереңдете құрастыруды бастап кетіңіз. Жазғалы тұрған қойылымның әлеуетімен толық танысу үшін, мүмкіндігінше, көп зерттеу жүргізіңіз. Әр кейіпкер жіті талқыдан өтсін. Алдыңызда кейіпкердің өткен тарихы мен мотивациясымен толық сипаттамасы жатқандай жазыңыз. Әр кейіпкердің та- рихына тереңірек үңіліңіз, тек әрекеттің ұзақтығын ғана емес, қойылымды кі- ріспесінен бастап ширатыңыз (тіпті көрсетілмейтін, бірақ кейіпкердің тұлғалық кейпіне қандай да бір ықпалын тигізген арғы бабаларына да ден қойып, есепке алыңыз). Кейіпкердің жеті атасын тергеу – диалогтың түр-сипатын табуға мүм- кіндік береді. Ең әуелі, диалогты қағазға түсіріңіз, сосын кейіпкерге келіңкірейтін жанға айтқызып, тексеріп көріңіз. Есіңізде болсын, диалог шынайы өмірдегі әң- гіменің төркіні емес, демек, шынайы өмірдегіден гөрі нығыздалған әрі жинақы күйде құрастырылуға тиіс. Кейіпкер дайын болғанда оған тиесілі ситуациясы мен сюжет желісін әзірлеу- ге кірісесіз. Мұны нобай түрінде дайындаңыз. Сізге, ең әуелі, конфликт қажет. Конфликт қойылымның басты қаһарманы мен басқа кейіпкер арасында немесе басқа бір күш иесінің арасында болсын. Әрі бұл конфликт екі адам, жеке адам мен қауым және екі топ арасында, салт басты жан, қауым және табиғат арасында, жеке адам, қауым және дүлей күш арасында, жеке адам, өзі және ішкі «менінің» арасында болуы мүмкін. (Бұлардың қаншасы телевизиялық реалити бағдарла- масын сипаттап тұрғандығына мән беріңіз). Қойылымдағы конфликтінің сипаты қатысатын кейіпкерлердің бітім-болмысымен анықталады. Конфликт бөлімі анықталған соң, сюжет бірден конфликтідегі бір күш иесінің басқа күш иесін жеңгендігін сипаттайтын шарықтау шегіне көшеді. Қойылым шарықтау шегіне шиеленіс сериялары арқылы қол жеткізеді. Әр шиеленіс, шын мәніндегі, шағын конфликт пен шарықтау шегі іспетті. Ретімен сипатталатын әр шиеленіс ситуацияны ушықтыра түседі, тек соңғы шиеленіс қана әрі қарай күресуді тоқтатуға бағытталады. Бірдеңе себеп болуы керек. Шарықтау шегіне жеткізу қажет. Шиеленіс қисынға сай жасалады. Оқиға мен шиеленісті кейіпкер- лердің өздері анықтайды, себебі кейіпкерлер өздерінің жеке мотивациясы мен тұлғалық кейпіне сай әрекеттер жасайды. Жорж Пирс Бейкер «Драмалық техника» ( Dramatic Technique ) кітабында: «Си- туация кейіпкердің болмыс-бітіміне сай шығады, сол себептен де ішкі арпалыс, басқалармен және айналасымен қақтығысатыны анық. Кейіпкерді сәл-пәл өз- гертсеңіз болғаны ситуацияңыз да түрленіп сала береді. Адамды көбірек жұмыл- дырыңыз және олардың қатысуы сахнада әу бастан жүрген адамдарға әсер етіп, ситуацияны өзгертетін болады», – деп жазды.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==