Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

357 Музыка, варьете және комедия түседі. Біз Kid Sister -ді қоршаған массовка мен оның өзінің реакциясын ке- зек-кезек көрсететін боламыз. Мұның барлығы қараңғылау фонда түсірілетін болғанымен, бастысы барлығы шынайылыққа негізделген! Бұл экраннан энергияға толы кадрларды беру мақсатында бірегей, батыл және кинематографиялық бейнелерді көрсететін 35 миллиметрлі объектив- пен жабдықталған RED Digital камерасына түсірілген жалғыз музыкалық ви- део болмақ. Шын мәнінде, бұл менің BIG N BAD әнін визуалды кейіпте қалай көретінімді көрсетеді. Бұл әнді ұнатып-ақ қалдым, тіпті сол құштарлықпен, техникалық шеберлікпен, қараңғылау сюжеттер топтамасы мен актерлердің өнер көрсетуімен астасқанда – мен күткеннен де керемет клип шығатын се- кілді. Қосымша ақпарат алу туралы ұсыныстарыңызды асыға күтетін боламын. Рақмет. Флик Кордероның келісімімен пайдаланылды. ИНТЕРНЕТТЕГІ МУЗЫКА Интернеттегі музыка 1920 жылдардағыдай заң және сот алдында қаралатын істердің қарасын көбейтті. Сол жылдары Америка авторлары, композиторла- ры және баспагерлер қоғамы ( ASCAP – American Society of Authors, Composers and Publishers ) жаңадан шығып жатқан радиостанцияларға қарсы сотта жеңіп шықты. Сот шешіміне сәйкес қоғам мүшелеріне тиесілі авторлық құқықпен сақталған музыканың меншік құқығы расталды. Радиостанциялар ASCAP мү- шелерінің еншісіндегі туындылар мен ноталарды тікелей эфирдегі шоуларда қолданған, рұқсат сұрап алдынан өтпеген, қаламақы мүлдем төлемеген. Басқа- ша айтқанда, өзгенің зияткерлік меншігіне қарақшылық жасаумен айналысқан. Продюсерлік компаниялар сізден рұқсат сұрамай не келісімшарт жасаспай сце- нарийіңізді меншіктеп алды делік. Шамыңызға тиетін шығар? Содан бері ASCAP және Broadcast Music, Inc . (BMI) Ұлттық хабар таратушы қауымдастықпен (NAB) келісімшарт жасасып тұрады. Бұл келісімге сәйкес ASCAP және BMI музыкалық туындыларды шектеусіз қолданғаны үшін әр станция заңмен белгіленген қала- мақыны (станция нарығына байланысты бекітілген соманы) төлейтін болады. Соңғы он жылда бірқатар сот процесінде жеңіліп қала берген интернет сайт- тары авторлық құқығы қорғалған музыканы пираттық тәсілмен емес, этикалық тәртіп бойынша пайдалануға көшті. Napster файлдарының бірлесіп қолдану әді- сі интернет қолданушыларға MP3-файлдар, яғни музыканы хард-дискілерде сақ- тауға мүмкіндік беретін аудиожазбаның цифрлық формасын құруға жағдай ту- ғызды. Қолданушылар өзара MP3 көшірмелерімен алмаса алады. Алайда Napster жүйесінде ешқандай ақы талап етілмейтін, соның нәтижесінде қолданушылар пираттық әрекеттерге бара бастады. Кейін Napster де авторлық құқықты бұзғаны үшін сотқа тартылды. Этикалық және құқықтық норманы сақтамай, тиісті рұқ- сатты алмай интернеттегі қандай да бір музыканы кәдеге жаратуға болмайды. Таспалаушы компанияларға, сонымен бірге композиторлардың ұйымдарына са- лынған жаңа авторлық құқыққа қатысты бекітілген қаламақы көптеген «пират- тық» радиостанциялардың түбіне жетті. Есесіне әншілерге музыкасы үшін тие- сілі қаламақысын төлей бастаған Listen, Pressplay және RealOneMusicPass секілді

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==