Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

6-ТАРАУ 286 МИШЕЛЬ ПЛАУФ КАДРДАН ТЫС. 00 30 00 «Әкем мұның барлығын, мұндай қатынасқа қазірден бастап үйренуімді өтініп, сөйтіп, үлкейген кезімде эксперимент жасап көрудің қажеті де жоқ деген сылтаумен ақтап келді. Ол маған сенің өсіп, бой түзеп, 16 жасыңда көліктің артқы орындығында әлдебіреумен отырғаныңды қаламаймын. Сондықтан маған осындай жолмен таныстыруға рұқсат ет дейтін». АЛИСИН МЕКТЕП ҒИМАРАТЫНЫҢ АЛДЫНДА ТҰР. 02 07 36 ТОҒЫЗ ЖЫЛ БОЙЫ ЗОРЛЫҚ- ЗОМБЫЛЫҚҚА ШЫДАС БЕРІП КЕЛГЕН МИШЕЛЬ ОДАН ӘРМЕН ШЫДАЙ АЛМАЙ, 16 ЖАСҚА ТОЛҒАН КЕЗДЕ ӘЛДЕНІП, КҮШ ЖИНАП, ӨЗІНІҢ МЕКТЕБІНДЕГІ МҰҒАЛІМІНЕ МҰНЫҢ БАРЛЫҒЫН ЖАЙЫП САЛАДЫ. СӨЙТІП, ТУРА СОЛ КҮНІ ТҮСТЕН КЕЙІН ОНЫ БАСҚА ОТБАСЫНЫҢ ҚАРАУЫНА ЖІБЕРЕДІ... АЛ ӘКЕСІ БОЛСА ҚАШЫП КЕТЕДІ. МИШЕЛЬ КАДРДАН ТЫС. 01 10 27 «Олар маған сенбі күні қоңырау шалып, әкемнің қашып құтылып кеткендігін айтты. Қатты ашуға булықтым. Қаным қайнады». КАДРДАН ТЫС МӘТІН №5 Екі жыл бойы Плауфтан еш хабар-ошар болмады. Кейін Мишельдің қолына мына аудиотаспа келіп түсті. Сөйтсе, мұны қашқын әкесі жіберіпті. Бұл аудиотаспада Плауф қызын үркітіп, өтінішін айтады. ОНЫҢ СУРЕТІМЕН ҚАТАР ПЛАУФТЫҢ АУДИОСЫН ОЙНАТУ. «Сенен бірдеңе сұрағым келіп тұр... Біреуді малданатын әдетім жоқ және сенен де ешқашан дәметпеспін. Менімен бір жерде кездесуге қалай қарайсың? Шошымай мұқият тыңдап ал, мен тұратын жерде кездеспейміз. Ұзақ сапардан оралдым. Бар болғаны сені көргім келеді». ҚАҚ ОРТАСЫНАН КЕСУ****** ПЛАУФТЫҢ ӘН АЙТҚАНЫН БАЯУ РЕЖИМДЕ КӨРСЕТУ. «АМЕРИКАДАҒЫ ҚУҒЫН» КЕСУ. КІРІСПЕ. ЖОН СӨЙЛЕУДЕ. КАДРДАН ТЫС МӘТІН №5 Мишель бұл ұсыныстан бас тарты. Мишель әкесінің өзімен емес, заңмен бетпе-бет кездесер деп үміттенді. Кездесу болмаған соң, «Америкадағы қуғынға» Мишельге тағы ой салатын эпизод қажет еді. ****Шэрон қатысқан басқа шоуды қолдану. МИШЕЛЬ КАДРДАН ТЫС – 01 13 00 «Америкадағы қуғын» бағдарламасының нобайын көрдім және мұндағы бір қызды Шэронға ұқсаттым» «Америкадағы қуғын» үзіліс, сосын кадрда. ШЭРОН ТҮСІРІЛІМ АЛАҢЫНДА ЖОНМЕН СӨЙЛЕСІП ТҰР. КАДРДАН ТЫС МӘТІН №6

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==