Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

285 Очерк, деректі фильм және реалити бағдарлама ПАУЛ ПЛАУФ ДАЙЫН ЖОБА (ДЫБЫСТАЛҒАН) КАМЕРОТА УОЛШТЫҢ КІРІСПЕ СӨЗІ: MTV арнасына дейін Массачусетс штаты, Питсфилдтен таратылатын музыкалық телевизия шоуы болды. Шын мәнінде, бұл шоу әлі де эфирден түскен жоқ. Сол шоудың мұрағатында жатқан 12 жыл бұрынғы клип, гитарашы қашқынды құрықтауда таптырмас ілік болды. Тілшіміз Алисин Камерота Питсфилдке барып, бізге мынадай репортаж жасап қайтты. ЖОРЖ МОРЕЛЛ ШОУДЫ ТАНЫСТЫРАДЫ. «Армысыздар, шоуымызға қош келдіңіздер!» МОРЕЛЛ ШОУЫ: КАДРДАН ТЫС МӘТІН №1 1982 жыл болатын. Массачусетс штатына қарасты Питсфилд қаласы. Әр сәрсенбі күні түнде жергілікті музыка жанкүйерлері Жорж Мореллдің шоуын асыға күтіп отыратын. «Біз кішкене әндетеміз...» ЖОРЖ МОРЕЛЛ ШОУЫ: КАДРДАН ТЫС МӘТІН №2 Hee-Haw тобының шумағы, караокенің тармағы бар шоуға Жорж Морелл мен көмекшісі, әнші әрі гитарашы Паул Плауф қатысты. ПАУЛ ПЛАУФ КАДРДАН ТЫС. «Алға шап, оп, оп, а-мэ-мэ. МИШЕЛЬ БАСҚЫШТАН ТҮСІП КЕЛЕДІ. КАДРДАН ТЫС МӘТІН №3 Плауфтың он бестегі қызы да оның тұрақты клиенттерінің бірі болған. ЖОРЖ МОРЕЛЛ МИШЕЛЬДІ ТАНЫСТЫРАДЫ. «Міне, бұл – Мишель. Сәлем Мишель». (Мишель ән айтады...) МИШЕЛЬ ПЛАУФ КАДРДАН ТЫС. 00 25 50 «Барлығы бізді қарапайым америкалық отбасы деп таныды. Білесіз бе, мынаған қараңдар, ата-анасымен бірге ән шырқап тұр дегендей. Бұл оқиғаның, шын мәнісінде, біреудің үш ұйықтаса да түсіне кіріп шықпайтынын білдім. Әлдекімнің, шынында да, не болғандығы туралы түсінікті ойлауға дейін баратынын білмеппін. КАДРДАН ТЫС МӘТІН №4 ЖОРЖ МОРЕЛЛ МИШЕЛЬ МЕН ДОСЫНЫҢ ЖЕТІ ЖАСТАҒЫ СУРЕТТЕРІН КӨРСЕТЕДІ. 02 05 49 Көрерменді аң-таң еткен сұмдық – тозақ тауқыметін кешкен Мишель қыздың жан жарасы еді. Полицияның мәліметтеріне сүйенсек, Плауф өз қызы Мишель мен оның жақын досы екеуін жеті жасқа толғаннан бастап соққының астына алып, екеуіне зорлық көрсетіп келген.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==