Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

6-ТАРАУ 284 алған жайт туралы жазудасыз, сол себепті өте сақ болғаныңыз абзал. Сіз хабарлай алатын «шындықтың» екі түрі ғана бар «өз көзіңізбен көргеніңіз және алқабилердің шын болған жайт» деп шешім шығарғандығы. Жер бетіндегі дүниенің бәрі ұзынқұлақтан қағыс қалмайды , әр мәліметті қалай бар сол күйінде қабылдау керек. Сапалы реалити бағдарламаның «атын атап, түсін түстеу» тәсілін жіті қадағалаңыз: бұл жайдан-жай ұсыныла салмайды. Полицияның мәлімдеуінше: «Шмидлап банк тонаған» деп айта салатын жай заңгерлік айла-әрекет емес, бұл – реалити-авторының дүниетаным көрінісі. Сізге айтып-жеткізген мәліметтен басқа ештеңені де білмейсіз . Сол себепті, мәліметті ұсынған адамға адалдық танытыңыз». Лерман телевизия төңірегіндегі түсініктерге қатысты кеңесін былай жалғайды: «Теледрама баппен қозғалады, мұнда аудитория кейіпкерлердің өміріне еніп кететіні соншалық – олар кейіпкерлерге эмоциямен байланып қалады және сол әсер көптің есінен көпке дейін кетпейді. Телевизиядағы реалити-шоуларда жағдай мүлде басқаша: мұнда аудитория бағдарламаны әлем бойынша ағылып жатқан сансыз ақпараттың бірі ретінде қабылдайды. Кейін әлгі ақпарат ыстық-суығы басылып, өзекті, қызықты әрі маңызды болудан қалған кезде, көрермен ол хабардан сырт айналып кетеді деген түсінік бар». Сондықтан телевизияға сценарий жазар кезде сергек, көп сөйлемейтін және эмоциялы қалыпта болғаныңыз жөн. Сөздеріңіз оттай лаулап, жарқылдап, еліктіріп әкететіндей болуы қажет. Сонымен қатар аудиторияңыз өзіңізден кез келген сәтте жалығып, теріс бұрылып кетеді деген қорқынышпен өмір сүруіңіз қажет. Айналаңыздан, мұндай жазу тәсілдері аудиторияңызды барып тұрған топас және адам құрлы көрмейді деп айтатындар табылады-ақ. Олар қателеседі. Олай емес. Бұл мұнда кері пікірді көрсетеді. Аудиторияңыз әр дүниені әрлей жазған жазуыңызға алдана бермейтін, анау-мынауға көне бермейтін тым күрделі топ. Олар шоудың қызықты не мыжыма боларын әп-сәтте аңғарады. Көрерменнің шаруасы шаш етектен әрі оларда таңдау көп, патша көңілі қалаған дүниені көреді – жұртқа жағам десеңіз түріңіз келісті, даусыңыз сыңғырлып тұрғаны ләзім. Лерман былай қорытындылайды: «Енді не істемек керек? Реалитиге (шынайылық) арнап жазу абай болуды, ал телевизияға арнап жазу жүрек жұтқан жанкешті болуды білдіреді. Реалити-шоу байқампаз – есесіне төтесінен қойып қалады, сақ – есесіне бейқам, қисынды – есесіне тәуекелшіл, ақпараттық – есесіне ойын-cауық қалыпта болуды қажет етеді. Автор дәл осы тепе-теңдікті мұқият сақтаса және сол ізінен таймаса болды. Керілген арқанмен жүретін батыл адам ешқашан шатқаяқтамайды, дәл сол сияқты релити-шоуға сценарий жазушы тепе-теңдікті сезе білсе жетіп жатыр, қолы жеңіл әрі сәл ғана көркемдік болса болғаны». «Америкадағы қуғын» – продюсер Лерманның кеңесінде атап өтілген түрлі аспектілерді үйлестірген, үздік жазылған реалити-шоулардың бірі болды. Тө- менде «Америкадағы қуғын» реалити-шоуынан екі үзінді берілген. Біріншісінде – деректі фильм тәсілі бейнеленсе, екіншісінде – (сценарийдің басы бірнеше бетте) драматизация және сахналауды жұмылдыру тәсілі сипатталған. Британдық бағдарламадан көшірілген Dancing With The Stars хабары Америка телевизиясындағы реалити-шоу жанрының тұсауын кесті. Басқа реалити-шоу-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==