Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

283 Очерк, деректі фильм және реалити бағдарлама ■ ■ Музыкалық жетекшілердің жөні бөлек. Олар әдетте шоудың дөрекі көрінетін тұсын байқап, сценарийді керек етпейтін сәттерге драма немесе комедияны қосу үшін сахнаны сүйемелдейтін музыка қосуды ұсынады. ■ ■ Тәжірибелі атқарушы продюсер түсірілім тобының белгілі бір тақырыптарды қамтудың үздік тәсілдері деп ойлау себептеріне нұсқаулық жасап, олар үшін жалпы құрылымды жасақтап береді, дегенмен шығармашылық топқа түсірілім алаңында күтпеген әрекеттерге баруға рұқсат етуі қажет, кез келген жайтқа дайын болуы керек. ■ ■ Тіпті қатысушылар қалың ұйқыда жатса да, реалити-шоу түсіру кезінде камера үздіксіз қосулы тұрады. ■ ■ Сіздің құзырыңызда соншалықты сала-құлаш кадрлар көлемімен жұмыс істеуге әзір болатын түсірілім тобы болуы қажет. Әдетте бұл кемі 2 кешеннен құралған түсірілім тобы, ал тіпті 3 кешенді топ болса да түгіңіз кетпейді. ■ ■ Тіпті бір күнге жоспарланған түсірілім жұмыстары аяқталса да, камераны күннің батуы мен таңның атуын түсіруге бағдарлап қоя аласыз, себебі бұлар өткелдерді және уақытты көрсету үшін аса маңызды сюжеттер саналады. ■ ■ Өзіңізге қажетті кадрды алу үшін уақытты кері қайтара алмасыңыз анық. Мұндайда айналада, тіпті шыбынның ызыңына дейін қалт жібермейтін түсірілім тобының пайдасы зор. Кейіннен олардың жұмыстарын өзіңіздің көзқарасыңызды білдіру үшін өңдеу кезінде құрақ немесе кадр ретінде қолдануға болады. ■ ■ Еш дайындықсыз кенеттен айтылған сөздер (индустрияның тілімен айтқанда on-the-fly – OTF) әркез сахнаны үздік сипатта аяқтауға алып келеді және баяндауды бағыттауда тамаша мүмкіндік саналады. ■ ■ Еншіңіздегі қаптаған кадрдың бірде-бірі текке кетпейді... Монтаждау бөлімінде кесіліп қалған кадрларды DVD қосымшалары немесе «шоудан кейінгі» онлайн материал етіп дайындауға болады. Кейде шынайы оқиғалар мен өмірде бар адамдар суреттелетін «Америкадағы қуғын» ( America’s Most Wanted ) – АҚШ-та ең ұзаққа созылған реалити-шоу болды. 1989 жылдан бастап 2011 жылға дейін апта сайын эфирге шығып тұрды, кейін арнайы шығарылымдары 2013 жылы кабельдік арнада жалғасты. Шоудың негіз- гі форматы іздеуде жүрген қылмыскерлер төңірегінде өрбіді, мұндағы қылмыс- тық істердің көбісі Федералдық іздестіру бюросынан (F.B.I.) алынған. Бағдарлама қылмыстың жай-жапсарын ашады, қуғында жүрген қылмыскер жайлы, оның қылмысы, өткен өмір жолы, соңғы рет қай жерден төбе көрсеткені айтылады. Егерде бұрын қамауға алынса, қалай қашқаны туралы егжей-тегжейлі ақпарат шығады, сонымен қатар қылмыскерді жазбай тану үшін бет әлпеті толығымен сипатталады. Бұдан бөлек, бағдарламадағы телефон нөмірге қашқынды байқап қалған көрермен хабар беріп, тұтқындауға сеп болады. Көптеген қылмыскер осы бағдарлама ұсынған ақпарат арқылы қолға түскен. «Америкадағы қуғын» бағдарламасының бас продюсері Филип Лерман реалити-шоуға жазуға ниет еткен авторға мынадай кеңес береді: «Мұнда есте сақтауға қажет екі-ақнәрсе бар. Біріншісі –шынайылық. Екіншісі – телевизия. Өкінішке қарай, Лерманның сөзінше: «Бұл екеуінің басы оңайлықпен қосыла қоймайды. Дегенмен қалауын тауып, екеуін бірдей қызмет еткізуге болады». Кеңесті шынайылықты ұсынудан бастайды: «Сіздер өмірде болған шынайы оқиғаны немесе көпшіліктің болжауынша, шын мәнінде, орын

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==