Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
6-ТАРАУ 282 өмірлерінің жүзден астам сағаттарын сол жобаға жұмсайды. Бұған қоса, олар редактор, продюсер және авторлармен бірлесіп телевизиялық бағдарламаны ба- сыбайлы даярлайды. Олар жұмысты тритменттен бастайды, алдымен сол күнгі эпизодқа түсірілетін модельді таңдап алады, сюжеттік желілерді анықтап алып, түсірілім жұмыстары аяқталған соң, негізгі сценарийді жазу ісіне көшеді. Сцена- рийде сайысқа түсушінің сол күнгі әр қадамын сипаттап, оның «кезіккен келең- сіздіктері мен фотосессияларын» қамтып, ең соңында, қатысушыларға бағасын беретін қазылар алқасының шешімімен жарыстан шығып қалатын сәтіне дейін баяндайды. Блау мұны: «Постпродакшн жұмысы... біз барлығын түсірілім аяқ- талған соң жазамыз», – дейді. Ол түсірілім алаңында қатысушыларға «қызықты жайттар» жазып беру мүмкін болса да, «қыздардың аузына сөз салып бермей- міз» дегенді алға тартады және ол бір-бірімен бәсекеге түскен кездегі қатысушы- лардың әрекеттерін модельдердің өздері жасайтындығын айтады. Реалити-шоу авторы препродакшнға сценарий жазуға басын қатырмайды, есесіне тритмент пен постпродакшн сценарийін жазуға мәжбүр болады. MTV арнасының халықаралық даму жөніндегі директоры Мойра Майер көп- теген реалити-шоуға сценарий жазып, продюсерлік еткен. Оның сипаттауынша: MTV реалити-шоуларды дайындауда және осы жанрдың өрісін кеңейтуде оқ бойы озық арна болды. 2002 жылы MTV -де тұсауы кесілген «Осборн отбасы» ( The Osbournes ) шоуы серпіліс тудырғанға дейін, су жаңа жанрдағы «Шынайы әлем» (The Real World) бағдарламасының 10-маусымын көрермен назарына ұсынды. Қазір біз кез келген адам өзінің өмірі мен тәжірибесінен қызықты реалити-шоу жасауына болатын әлемде өмір сүріп жатырмыз! Соңғы бірнеше жыл бойы реалити және деректі фильм стиліндегі шоулардан көріп, көңіліме тоқып жүрген мынадай ережелер, ұсыныстар және түйгендерім бар: ■ ■ Реалити-шоу шынайы өмірдің сценарий формасына түспеген сәттерін көпшілікке ұсынатындықтан, мұнда дәстүрлі тұрғыдағы авторлар мен режиссерлердің қажеті шамалы. Бұл рөлді өрістік режиссерлер мен монтаж редакторлары атқарып жүр. ■ ■ Сырт алаңда түсірілімнің басы-қасында жүретін режиссердің мықты маман болғаны маңызды, себебі режиссер адам сендірерлік сахна құрып және оқиғаны баяндау тәсілін жасақтауға алып келетін түсірілім алаңындағы әрекеттерді шынайы уақыт бағытына қарай бағдарлай алады. ■ ■ Редакторға оқиғаны «өңдеу айлағында» жымдастыруға көмектесетін алтын сәттер мен сахналарды шарбақтың қадалары десек, артық айтқандық емес. ■ ■ Мәселен, қонақүй бөлмесінде рок бағытында ән айтатын жас топ туралы түсірілім жасадық. Гитарашы қолына өз гитарасын алды да, түкпірге барып ән айта жөнелді. Кейіннен бұл сюжетті өңдеген кезде бағдарламаны уақытпен толтыру және оны басқа сюжетпен байланыстырып әкету үшін, әлгі түкпірдегі бұрыштың орнына сахнаны қоюмызға тура келді. Нәтижесінде біз түрлі түсірілімдердің басын қосып, гитарашыны достарының қатарында ән айтып тұрғандай етіп өңдеп, көрерменді монтажбен алдауға дейін бардық. Біздің индустрияда мұны «фракенбитинг» деп атайды. Тәжірибесі мол режиссер болса, топ мүшелеріне гитарашымен бірге өнер көрсетулерін өтіну арқылы түсірілімге жөн сілтейтін еді, сонымен қатар шынайы әрі көңілге қонымды сахна жасақтап шығарар еді. Кім біледі, сол музыкалық жиында кезекті хит әндерін шырқаған кезде, камерамыз шайқатылуы мүмкін бе еді.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==