Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

281 Очерк, деректі фильм және реалити бағдарлама РЕАЛИТИ БАҒДАРЛАМА 1990 жылдары Америка телевизиясының көкжиегінде «реалити бағдарлама» атты жаңа формат пайда болды. Америкалық көрерменді шындыққа негізделген оқиғаларды үйлестіру форматы, сценарийдің әсіре драмалы нұсқалары және тым стильді бағдарламалар қызықтырады. Сонымен қатар олар жердегі, теңіз не әуе жарыстарына қатысып, бәсекелестікте жүрген адамдардан бастап, қауіпті жерлер- де тірі қалудың амалын жасау, күйеуді қолға түсіру, дарындылар сайысы туралы қалам тербеу, полиция зерттеулері, қауіп-қатерге бас тігіп құтқарып алу, шұғыл медициналық көмек және сот істеріне дейінгі оқиғалар назарды еріксіз аудартады. Очерк, деректі фильм және реалити хабарлар бір қарағанда, шынайы оқиға- ларға қатысы бар болып көрінеді. Демек, бұлар дәстүрлі драма тұрғысынан алып қарағанда онсыз да ойдан құрастырылмайтын туындылар саналады, әлдебір оқиға төңірегінде хабар ұсынады. Деректі фильмнің тақырыбы көркем (мысалы, жазушының шығармаларындағы кейіпкерлерді зерттеу) немесе қаз-қалпында қалуы мүмкін (сол жазушының жазу техникасын зерттеу). Реалити-шоу ойдан құрастырылған көркем шығарманың сценарийіне қарағанда, фактіге негіздел- ген оқиғаны ұсынады не таспаға жазып алады. «Заң және тәртіп» ( Law and Order ) және «Қылмыс ошағы» ( CSI ) бағдарламалары полиция зерттеулерінің шынайы көрінісі, өмірде орын алған оқиғаларға негізделіп әзірленуі мүмкін, алайда бұ- лар реалити-шоулар санатына жатпайды. Олар сценарий бойынша жазылған қойылымдық драмалар. «Жан пида» ( Lost ) бағдарламасы аралда аман қалудың амалын қарастыратын адамдар туралы қойылымдық драма болды. «Өлермен» ( Survivor ), расымен де, адамдарды аралда не болмаса басқа қиын жағдайда тірі қалуға тырыстырған реалити-шоу болды. Деректі фильм «Өлермен» секілді те- левизиялық бағдарлама жасау туралы болуы мүмкін. Бірқатар сыншылар реалити-шоуды адам қызығушылығына ден қоятын, де- ректі фильмнің жалғасы деп есептейді. NBC news -тің бұрынғы президенті Ван Гордон Заугер айтқандай: «Бұл оқиғалар мен ...аудиторияның арасындағы эмо- циялық байланысты қалыптастырады». Дегенмен кейбір сыншылар реалити- шоулар шынайылықты сипаттағаннан гөрі, бұрмалайды деп санайды. Оқиғаның қалай болғанын асыра сілтеп, бар қалпында бермеу ерсі көрінеді. Реалити-шоу- лардағы кейбір оқиғалардың шынайылықтан жұрдайлығы, актерлер ойнаған немесе сахналанған түсірілімдері қораш шығады. Басқа сыншылар реалити- шоулар қалың бұқараны қауіпсіздік, денсаулық сақтау және заң секілді маңызды кәсіптермен айналысатын адамдардың жұмыстары және өмірлерімен танысты- рушы, ағартушылық құндылыққа ие деп есептейді. Ал кейбірі реалити-шоулар- дың бәсекелестік шиеленісі мен түр-тұлғасы келіскен адамдарды ұсынатынды- ғын ескеріп, мұндай бағдарламаларды тек ойын-сауық сипатынан таниды. Реа- лити-шоудың ойын-сауық және ағартушылық түрлері кейінірек сипатталады. Жазу тәсілдері Ағартушылық сипаттағы «Американша топ модель» ( America’s Next Top Model ) бағдарламасының продюсері және авторы Дэниел Ж. Блау «Обалы жоқ телеви- зия» ( Television Without Pity ) сайтына берген сұхбатында мұндай типтес реалити- шоуды жазудың тәсілдерімен бөлісті. Блау және өзге де авторлар модельсымақ- тарды түсірілім күніне, таңғы асқа, достарымен әңгіме-дүкен құру секілді күнде- лікті істерге әзірлеп және өздері де кәсіби айналымдарға дайындап, күнделікті

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==