Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
6-ТАРАУ 280 әсері шағын деректі фильмнен немесе очеркіңізден де бәсі биік дүние болуға тиіс екендігін есте сақтаңыз. Тіпті ең қысқа презентация ұсынғыңыз келгеннің өзінде де, мұнда туындының басы, ортасы және аяғы болуға тиіс. Жалпы айтқанда, мұн- да да очерк жасап шығару үшін қолданылатын сапалы жазудың қағидаларын ұс- тануыңыз керек. Ал тым қысқа уақытқа нені беруге болады? Мұндай тым қысқа уақыт ішінде оқиғаны сипаттай білудің үлгісімен танысқыңыз келсе, 4-тарауда ұсынылған 30 секундтық жарнама роликтерінің біразына көз жүгіртіп көріңіз. ТАР ТҮСІНІК Очерктер мен деректі фильмдер этникалық және нәсілдік топтарды бағдарла- ма етіп беруге ерекше бейімді болып келеді. Кейбір сарапшылардың айтуынша, егер сіз очерк не деректі фильмде ұсынылған белгілі бір топтың қатарына жат- пасаңыз, сол топ туралы (тіпті өмірдегі жалғыз тілегіңіз сол болса да) нақтырақ, жүректі қарып өтетін әрі тереңінен толғап дәнеңе де жаза алмайсыз, себебі олар туралы шынайы мәлімет пен эмоциялық түсінік келте болуы мүмкін. «Үндіс білімін қорғаушылар» ұйымының директоры және байырғы аме- рикалықтар туралы теле-радио бағдарламалардың продюсері болған Лорейн Мисяшек үндіс халқына жатпайтын авторлар «ұсқынсыз жезөкше» және «дүба- ра» секілді сөздердің адамды қаншалықты төмендететіндігін түсіне бермей жиі қолданатынына көз жеткізген. Сөйтіп, ол байырғы америкалықтарды кемсітіп, келемежге айналдыратын фактілер ұсынудың орнына көкезуленіп, көп сөзге жол беретін, байырғы америкалықтардың әрекетін «жамандыққа» балайтын (ал, шындығында, сырт көз сыншының бұл әрекеттерді «жақсылыққа» жоруы мүмкін) қорытындыларды шығарып, мұнысымен тыңдарманға әсер ететін бағ- дарламаларға да өз алаңдаушылығын білдірді. Мисяшек: «Радио немесе телеви- зияға сценарий жазумен айналысатын кез келген адам, бұл мәселеден хабардар болуы қажет», – деп ескертеді. Мұның қасақана жасалуы міндетті емес, алайда бұл үндістер жайында «стереотипке» негізделген сипатта ойлауға итермелейтін қоғамымыздағы ортақ шарттың салдарына бола орын алып отыр. Байырғы америкалықтар туралы қалам тербеп және олар жайында бағдарла- ма әзірлеп жүрген Томас Кроуфорд та дәл осындай пікірді ұстанады. Кроуфорд «белгілі бір үндіс қауымы жайлы қалам тербеуге ниетті автор, ең әуелі, оларға тиесілі тұрақты сөз тіркестер, сөйлем құрылымдары, ойлаудағы бетбұрыстары және тіл ұстартуымен таныс болуы қажет» деп санайды. «Мұндай ғұмыр жол- ды сипаттайтын сценарист адамның қызығушылығын арттыру үшін тақырыпты қатырып қоюы керек», – дейді Кроуфорд. Жанашырлық жазушының жанынан шығатын, жеке тәжірибесіндегі қасиет болғанын көрсеткен. «Байырғы америка- лықтар туралы мемлекеттік деңгейде бағдарлама әзірлеуде, тегі үндіс емес ав- торларға қатаң тыйым салынуы мүмкін. Ал үндіс автор болса, Америка Құрама Штаттарындағы байырғы америкалықтардың таптырмас өкілі ретінде тұрақты сөз тіркестері мен көзқарастарды емін-еркін ұсына алады. Бұл концепцияларды әрбір нәсілдік, этникалық және өзге де арнайы топтарға қатыстырып қолдануға болады, әсіресе мұны тақырыппен етене таныс болуды талап ететін деректі фильм не очерк әзірлеу кезінде пайдаланған абзал.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==