Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
279 Очерк, деректі фильм және реалити бағдарлама Рут Фельдман. ФЕЛЬДМАН: Меніңше, тіпті қыздардың өзі әлдебіреу өмір бойы қамқор болады деген оймен өсетін секілді. Олардың міндеті – әйел және ана болу, сондай-ақ біраз уақытқа карьерамен айналысуы мүмкін болса да, олар қай кез болмасын ерлерге арқа сүйейді деген оймен өссе керек. Сондықтан дарынды қыздарға, расымен де, олардың қолдарынан өз беттерімен шешім жасау келетіндігін түсіндіре білу маңызды деп білемін. Олар карьера қуалауды не үйде отыруды немесе ана атануды таңдай алады. Таңдау өз еркінде. Десе де бұл таңдау қыз біткенге тегіс жетсе игі. Эдит аяңдап келеді. БАЯНДАУШЫ: (КАДРДАН ТЫС МӘТІН). Осылайша Эдит Старрды басқаның жолына шырақ жаға алатын ерекше мысал ретінде айтуға болады. Ол өзінің математикамен шұғылдануда табысты екендігін сезеді, себебі оның тәрбиесі бөлек еді. Эдит. ЭДИТ: Ата-анам маған дем берді, дегенмен көңілім қаламаған, аяғым тартпаған нәрсеге итермелеген емес. Табысқа кенелген кезімде, олар үнемі шат-шадыман болып, қуанып отыратын. Жаңылыспасам, олар мені бас қатырғыштар мен сөздік ойындарды шешуімді қалайтын. Ата-анам секілді ешбір итерме-қысымсыз, қолыма алған істің қай-қайсында болсын қанат бітірген ұстаздарым көп болды. Фельдман. ӘҢГІМЕЛЕУШІ: Шұғылданатын саласына қарамастан, ұлдарды басып озған қыздар – вундеркиндтер деп танылды. Дегенмен бұл теңсіздік күндердің күнінде көзден бұлбұл ұшуы мүмкін. Қыздардың суретімен аяқтау. ФЕЛЬДМАН: Қыздардың бойында да ұлдардағыдай ерекше қабілет барын мойындайтын мәдениетті қабылдағанда ғана айналаңыздан вундеркинд қыздарды байқай бастайсыз. Тек айтуға оңай. Рон Блау және WBZ-TV келісімі бойынша пайдаланылды, Бостон. Интернет бір-екі минуттан аспайтын шағын деректі фильм мен шағын очеркті таратудың басты құралына айналды. Жекелей сайттар былай тұрсын, YouTube, Facebook және өзге «әлеуметтік» алаңға қосылу – кез келген адамға, мейлі, ол кә- сіби не әуесқой болсын, өзінің креативті өнімдерін көпшілікке жеткізуге жол ашып берді. Өзіңіз камерамен не iPhone -мен түсірген кейбір үзінділер, солардың
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==