Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
6-ТАРАУ 260 КОВЕНОК: ТАСПА #2, МОНТАЖ 2: «ЕҢ ӘУЕЛІ... ЖЕТКІЛІКСІЗ БО- ЛЫП ТҰР». (Ең әуелі, фермердің қалтасына келіп түсетін табыстың азаюы (айталық, шектеулі шығыны бар фермер мен Солтүсік Каролина және елдің қалған бөлігінде азын- аулақ тірлігі бар фермерлердің мәселесі бұл) ферма- дан тыс жұмысқа орналасуға кедергісін келтіруде, яғни фермада жұмыс істеуді жалғастыруға ұқсас ке- летін бірқатар тартымды баламалы жұмыс орындары үй ішін асырауға, киіндіруге және отбасына баспана сатып әперуге жеткіліксіз болып тұр). ӘҢГІМЕЛЕУШІ: БҰЛ ДЮПРЕ СМИТ ТАП БОЛҒАН ҚИЫНДЫҚ. СМИТ: ТАСПА #1, МОНТАЖ 2: «ИӘ, МЕНІҢ ҚАЛАУЫМ... МЕНІҢ БІР ЖАҒЫМА ШЫҒЫСТЫ». (Иә, менің қалауым осы болды. Әскерден оралған бойда арқаны кеңге сала- тын, аяқты кербез басатын, өмірді құлай сүйетінімді сезетін осынау табиғат аясына қайтып келіп, осы жерде тұруды және отбасымның өсіп-өнуін құп сана- дым. Соңғы жылдар бойы осы жер телімінде өзім мен отбасымның нәпақасын айыра алатын күйде болдым. Соңғы жылы, яғни екі жыл бұрын бұл мүмкіндіктің ауы- лы алыстай бастады. Жағдайдың құлдырағаны сонша- лық–тіпті басқа салаларға бас сұғып, жұмыс істеуге мәжбүр болдым, әйелім де толық емес жұмыс уақыты бойынша қызмет етіп, менің бір жағыма шығысты). ӘҢГІМЕЛЕУШІ: ДЮПРЕ СМИТ НАҚТЫ ҚАНДАЙ ҚИЫНДЫҚТАРҒА ТАП БОЛДЫ? КОВЕНОК: ТАСПА #2, МОНТАЖ 3: «СОЛТҮСТІК КАРОЛИНА ... ДЕҢ- ГЕЙДЕ ӘЛ-АУҚАТТЫ МА?». (Солтүстік Каролина, жалпы айтқанда, ел ішіндегі фермерлердің барлығына ортақ мәселе, ең алдымен, ауыл шаруашылығының ахуалы, сұраныстағы шаруашылықтың дән-дақылын қамдауға қатысты қарым-қатынас, сонымен қатар, әрине, қазір- гі таңда өлместің күнін кешуге мәжбүрлейтін, едәуір төмендеп кеткен фермердің табысы болуы мүмкін. Екінші басты мәселе – жалпы экономиканың ахуалы, яғни фермерге қазіргі атқарып жүрген, қанағаттан- дырмайтын кәсіби қызметін жалғастыруға бірнеше балама ұсынатындай экономика жеткілікті деңгейде әл-ауқатты ма?) ӘҢГІМЕЛЕУШІ: ФЕРМЕРЛЕР НАРЫҚҚА КӨПТЕП ТАУАР ҰСЫНУДА, АЛАЙДА ӨЗДЕРІНІҢ ӨНІМДЕРІ МЕН СОЛАРДЫ ӨНДІР- ГЕНДЕРІ ҮШІН БОЛАР-БОЛМАС ТАБЫС ТАУЫП ОТЫР. ДОКТОР КОЛЛЕДЖДЕ ПРОФЕССОР БОЛЫП ЕҢБЕК
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==