барынша босаңсыған). Баяу үйкы эдетте түнгі ұйқы ұзақтығының 75-80 %-ын, жылдам ұйқы 20-25 %-ын құрайды. Олардың алмасып отыруы дені сау адамға тэн, осындай ұйқыдан кейін адам үйкысы канып, сергек оянады. Жылдам жэне баяу ұйқылардың ұзақтығы кезіндегі өзгерістер, жылдам ұйқы кезіндегі жиі оянулар жүйке жүйесіндегі ауытқуларға алып келеді, психикалык күйіне, зейінге, көңіл күй жағдайына эсер етеді. Ұйқының едэуір жиі кездесетін ауытқуларына шамадан тыс ұйкышылдыкгы (гиперсомния) жэне адам түні бойы ұйыктамағандай сезінетін ұйкының бұзылуын жатқызуға болады. Бұл жағдайда ұйқының бұзылуы үш түрде болады: қиын ұйыктай алмау, жиі оянулармен жэне соңына түпкі- лікті ерте оянумен үстірт, мазасыз ұйқы. ¥йқысы бүзылған адамдар әдетте ұйқының қанбауына шағымданады, бірак объективтік зерт- теулер көрсеткендей, олардың үйқысының үзақтығы соншалыкты аз емес жэне 5-5,5 сағатты құрайды (қалыпты үйқы кем дегенде 6,5 сағатка созылады). Мәселе - ұйкы сапасының бұзылуында. Адам қалыпты ұйықгап, үйқысы қанып тұру үшін жатын бөл- ме жеткілікті желдетілген, кереует ыңғайлы болу керек жэне т.б. Ұйыктайтын бөлмені үйкы алдында желдетіп, аптасына 2-3 рет сумей жинап-жуу кажет. Матрац қатты, төсек жаймасы таза болу керек. Төсек жаймаларын 7-10 күнде бір рет ауыстыру, қажет болған жағдайда одан да жиі ауыстырып тұру керек. Қалыпты жағ- дайда шусыз, жарықсыз, сөйлемей жэне үйыктауға кедергі жасайт- ын басқа да факторларсыз ұйықтау керек. Белгілі бір уақытта ұйқыға жатқан дүрыс. Ұйықтардың алдында орманда, гүлзарда немесе саябакта серуендеген пайдалы. Теледидардан, эсіресе балалар мен жасөспірімдерде күшті эмо- циялар тудыратын бағдарламалар (фильмдер) көруге, эуендер тыңдауға болмайды. Түнге карай тойып тамактануға (соңғы ас қабылдау уақыты - үйқыға дейін 2-4 сағат), алкоголь ішуге, теме- кі тартуға болмайды. Бакылау сұрактары мен тапсырмалары 1. Жеке бастың гигиенасы угымына түсініктеме берініз. 2. Тіске кандай кугім жасау керек? 3. Спортшылардын маусымдық киімдеріне кандай талаптар койылады? 4. Ұйкы ауытқуларынын себептері және олардың алдын алу шаралары.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==