Спорттық гигиена: оқу құралы / А. Ә. Мәутенбаев, А. Б. Еланцев, С. Т. Төлеуханов.

ақ қозғалыс белсенділігінің төмендеуімен байланысты. Мұндай жүктемелерді жылдамдықты жэне жалпы төзімділікті дамыту үшін біркелкі қарқындылықтағы жүктемемен үйлестірген дұрыс (ұзақ мерзімді жылдамдықпен жүгіру, шаңғымен жүгіру). ЖСЖ 150-170 қағ/мин-қа жететін айналымдық жаттығуларды түрақты орындау ағзаның аэробтық жэне анаэробтық мүмкіндіктерін, сәйкесінше төзімділіктің түрлі жақтарын дамытуға ықпал етеді; 4) субмаксималды немесе жоғары карқындылықтағы аймак (шамамен ең жоғарғы жүктеменің 80 %-ы) бүлшық ет, жүрек жэне басқа да мүшелердің жұмысын қуаттың анаэробтық көз- дерімен қамтамасыз етілетін жаттығуларды орындау тэртібіне сәйкес келеді (қысқа қашықтыққа жүгіру, жылдамдық-күшті жат- тығулар, статикалық жүктемелер және т.б.). Бұл аймақта айна- лымдық жүктемелерді орындаудың шекті үзақтығы 11-12 жас- тағы оқушыларда орта есеппен 50 с, ал ересек оқушыларда - 1 минут жэне одан да узак уақытты қүрайды. Жылдамдық- ты жэне жылдамдық-күшті сапаларын дамытуға бағытталған жоғары қарқындылықтағы дене жаттығуларын орындау уақы- ты (мысалы, секіргішпен секірулер) 11-12 жастағы балалар үшін 15 с, ал жоғары сыныптағы оқушылар үшін 20-25 с-тан аспауы керек. Жүкті бір рет көтеру жаттығуында оның мөлшері 9-10 жастағы оқушылар үшін дене салмағының 50 %-ынан, 12-13 жастағы оқушылар үшін 70 %-ынан жэне 14-15 жастағылар үшін 90 %-ынан аспауы керек. Мүндай бір ретті жаттығудың ұзақтығы -10 -20 с; 5) ең жоғарғы каркындылық аймағы (100 %). Дене жатты- ғуларын ең жоғарғы қарқындылықта жэне шекті күш салумен орындауға сәйкес келеді. Оқушыларда да, сонымен бірге ересек- терде де айналымдық жүктемелерді орындаудың шекті уақыты орта есеппен 10 с-ты қүрайды. Дене жаттығуларымен айналысу кезінде оқушыларды асыра шаршатпау үшін ең алдымен дене тәрбиесі мен спорттың басты гигиеналық қағидасы - дене жүктемелерінің денсаулығының күйіне, өсіп келе жатқан ағзаның жастық қызметтік мүмкіндік- теріне сэйкес келу қағидасын бүлжытпай орындау қажет. Дене

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==