Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

Апатридтер - ешбір мемлекетгің азаматы болып саналмайтын адамдар.Олар қай елде тұрса,сол елдің заңына бағынады, бірақ саяси құқықтары болмайды. Апелляциялық саты - бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулысына апелляциялық шағымдар (наразылықтар) бойынша істі қарайтын екінші сатыдағы сот. Ассоциация — белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, модели және т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелердің бірлестігі. Атқарупіы билік - биліктің тармақталуы негізінде істейтін мемлекеттік басқару органдарының жүйесі. Оған үкімет пен әкімшілік жатады. Парламенттік республикаларда оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Сондықтан аткарушы билік солардың бақылауында болады және олардың алдында есеп береді. Олардың жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Әйтпесе, парламент үкіметке сенім білдірмеуі мүмкін. Президенттік республикаларда мемле- кетбасшысы да президент болады. Оны парламент сияқты халық сайлағандықтан ол парламент алдында тікелей жауап бермейді. Бірақ бүдан президент парламентпен санаспай іс істеуі керек деген ой тумауы керек. Ауысу - құқық қорғау органдарында қызметті токтатусыз баска құқық қорғау органдарындағы лауазымға бір мезгілде тағайындай отырып құқық қорғау органдарында атқаратын қызметінен босату. Ауыстыру - қүқық корғау органдары жүйесіндегі лауазымға ор- наласу. Әрекет - адамның қылмыстық заң тиым салған нәрселерді істеуі. Әрекетсіздік - дегеніміз адамның заң, нормативтік кесімдер, нұсқаулар немесе жарлықтар, бұйрыктар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы. Билеуші паргиялар - қолдарына мемлекеттік билік тиген, қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік алған партиялар. Билік - 1) адамдардың іс-әрекетіне, қызметіне, тағдырына белгілі бір адамдардың (бедел, жігер, қүқық, зорлықтың) көмегімен эсер ету мүмкіншілігі; 2) адамдарға саяси билік жүргізу; 3) мемлекеттік органдардың жүйесі; 4) мемлекеттік жэне экімшілік өкілеттілігі бар қызмет адамдары, органдары. Биліктің тармақталуы - демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін және биліктің, субъектілеріне карай мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа белу. 257

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==