Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

дың, алудың және шағымданудың тәртібі адвокаттар алқасының Жарғысында анықталған. Адвокаттар алқасының төралкасы, егер адвокат: 1) адвокаттық қызметпен айналысуға құқық беретін лицен- зиядан айырылса немесе оның әрекеті тоқтаса; 2) өз міндетін орындау кезінде заң талаптарын бірнеше рет бұзса; 3) біліктілігінің төмендігінен оның өз кәсіби міндетін орын- дай алмайтындығы айқындалса; 4) мүшелік жарнаны ұдайы төлемесе; 5) кәсіпкерлік қызметпен айналысса және басқа ақылы қыз- мет атқарса; 6) өзінің қалауы болса; 7) алқа Жарғысында көзделген басқа жағдайларда оны алқа- дан шығарады. Адвокат көрсететстін заң көмегін төлеудің және қорғаумен және өкілдікпен байланысты шығындарды өтеудің мөлшері адво ­ кат пен көмек сұраған адам арасындағы жазбаша келісімде көрсе- тіледі. Адвокат істің күрделілігіне, көлеміне және көмек сұраған адамның мүмкіндігіне карай өз еңбегі үшін сыйақыны (гонорар- ды) өзі белгілейді. Қазақстан өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялап, халықтың нашар тұрмысты бөлігінің құқықтарын кәсіби және білікті қор- ғауды қамтамасыз ету міндетін өз мойнына алды, тегін заң коме- пн корсету жолын қарастырды. Адвокаттар, алқа белгілеген тәртіпте, сенім білдірушілердің өтініші бойынша мына адамдарға заң көмегін тегін көрсетеді: 1) алимент өндіру туралы, жұмыспен байланысты асы- раушының өлімінен, жарақаттан немесе денсаулықтың баскадай бұзылуынан келген зиянды өтеу туралы істср жүргізгенде бірінші инстанция сотында талапкерлерге; 2) егер кәсіпкерлік қызмет мәселелерімен байланысты бол- маса, консультация бергенде ¥лы Отан соғысына катыс- кандарға, оларға теңестірілген адамдарға, I және II топта- ғы мүгедектерге, жасы бойынша зейнеткерлерге; 3) зейнетақы және жәрдемақы тағайындау туралы арыз жа- зушы азаматтарға; 4) ақтау мәфелесі бойынша консультация бергенде азамат- тарға. 240

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==