Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

онымен келісілген мерзімде тергеу және басқа іс жүргізу процес- теріне қатысуы керектігі жайында оған хабар береді. Мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары ад- вокаттың нақты іс бойынша заң көмегін көрсетумен байланысты өтінішіне он күн ішінде жазбаша жауап қайтаруға тиіс. Адвокат қызметіне заңсыз араласқан не ондай қызметті жү- зеге асыруға кедергі болған адамдар заңға сәйкес жауапқа тарты- лады. 15.2. Адвокаттыц қүқықтық мәртебесі. Адвокатураның үйымдык күрылымы Адвокат - жеке және заңды тұлғаларға консультация беру, сотта және басқа органдарда олардың мүддесін білдіру арқылы кәсіби құқықтық көмек көрсететін заңгер. Адвокатура сөзінде қос мағына бар. Біріншіден, ол - заңгерлердің белгілі бір тобы- ның қызмет аясы, екіншіден - оны ұйымдастыру жүйесі, қазіргі кезде ол адвокаттар алқасы, заң консультациялары және адвокат- тар кеңселері түрінде мәлім. 1997 жылғы 5 желтоқсандағы «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның 8-бабына сәйкес адвокат - жоғары заң білімі бар, адво- каттық кызметпен айналысуға лицензия алған, адвокаттар алқа- сына мүше және адвокаттық қызмет негізінде кәсіби заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы. Сот тәртібінде әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеттігі шектеулі деп танылған не соттылығы жойылмаған немесе алынбаған бар адам адвокат бола алмайды. Соттылығы занда белгіленген тәртіпте жойылған немесе алынған; қасақана қылмыс жасап, қылмыстық жауапкершіліктен ақтамайтын негізде босанған; мемлекеттік, әскери қызметпен, прокуратура органдарынан, басқа қүқық корғау органдарынан, соттан, әділет органдарынан босаған немесе теріс қылықтары үшін адвокаттар алқасынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысу лицензиясынан айырылған; лицензия күші «Адвокат- тык қызмет туралы» Заңның 12-бабының 3-тармағында, 5-тарма- ғының 3), 4) және 5-тармақшаларында көзделген негіздер бойын ­ ша тоқтаған адам, ондай окиғадан кейін үш жыл бойы адвокат бола алмайды. 547-16 237

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==