Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

әрекеттер жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген мөлшерлеме бойынша мемлекеттік баж алады. Жекеше нотариус жасайтын нотариаттық іс-әрекеттерге ақы Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген мемлекетгік баж мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерлеме бойын ­ ша төленеді. Консулдық мекеменің лауазымды адамы жасаған нотариалдық әрекеті үшін консулдық алымдар тарифінде анық- талынған алым алынады. Жасалған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және мем- лекеттік нотариустың және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері аппарат- тарының лауазымды адамдарының іс жүргізу ережслерін сақта- уын бақылауды аумактық әділет органы жүзеге асырады. 14.3. Кейбір нотариалдық әрекеттерді жасаудың тәртібі Жасалынатын барлық нотариалдық әрексттер «Нотариат ту- ралы» заңда және Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген Қазакстан Республикасында нотариалдық әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нүсқаулықта белгіленген қүзырет шегінде жүзеге асырылады. Заңның 34-бабына сәйкес нотариус мынадай нотариалдық әрекеттер жасайды: 1) мәмілелерді куәландырады; 2) шаруа серіктестіктерінің қүрылтай күжаттарын куәлан- дырады; 3) мұраға сенімді басқарушыны тағайындайды; 4) мүраға қүқық туралы куәлік береді; 5) бірлескен ортақ меншік құқығында мүлкі бар ерлі-зайып- тылар мен басқа адамдардың ортақ мүліктегі үлесіне мен- пик қүқығы гуралы куәлік береді; 6) мүлікті иеліктен шығаруға тыйым салады және тыйымды алады; 7) қүжаттардың көшірмелерінің және олардан алынған үзін- ділердің дүрыстығын куәландырады; 8) қүжагтардағы қолдардың шынайылығын куәландырады; 9) бір тілден екінші тілге аударудың дүрыстығын куәланды- рады; 228

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==