Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
ның аумағында) тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізумен, оларды Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтау- мен, кедендік декларациялаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шы- ғарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен, ке- дендік төлемдерді және салықтарды төлеумен байланысты қаты- настарды, сондай-ақ кеден органдары мен көрсетілген тауарлар ды иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын іске асыра- тын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын реттеу танылады. Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу Кеден ода- ғының кеден заңнамасына, ал ондай заңнамамен реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәй- кес жүзеге асырылады. Кеден шекарасы - Қазақстан Республи- касының кеден шекарасының шегін анықтайтын сызық және сол арқылы тік жоғары көтерілген бет. Кеден шекарасы Мемлекеттік шекарамен дәл түсуі мүмкін. Кеден шекараларының жалпы ұзын- дығы 14320 км, оның ішінде: Ресеймен - 6980 км, Өзбекстанмен - 2310 км, Түрікменстанмен 450 км, Қырғыз Республикасымен - 1070 км, Қытаймен - 1560 км; теңіздегі шекараның үзындығы 2000 километр. 2014 жылғы Елбасымыздың жарлығымен Салық комитеті жә- не Кедендік бақылау комитеті қосылу жолымен Қаржы минист- рлігі Мемлекеттік кірістер комитеті қүрылған еді. Қазақстан Республикасының кеден органдары өз қүзыреті шегінде Қазақстан Республикасындағы кеден ісін іске асыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңна- масында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекет- тік кіріс органдары болып табылады. Қазақстан Республикасының кеден органдары жүйесі: 1) кеден ісі саласындағы уәкілетті органнан; 2) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық (об- лыстар, республикалық маньізы бар кала, астана бойын- ша) бөлімшелерінен; 3) кедендерден; 4) кеден бекеттерінен; 5) Кеден одағының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттерінен; 6) мамандандырылған кеден мекемелерінен түрады. 213 1
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==