Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

- үсталғандарды және қамауға алынған адамдарды күзет- пен алып жүру; - Қазақстан Республикасының зандарында көзделген қүзы- реттер шегінде криминалистік зерттеулер жүргізу; - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру құқығы бар 19 . Мемлекеттік кірістер комитетінің экономикалық қылмыс- тарды тергеу қызметіне Комитет төрағасының бір орынбасары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қүзыреті шегінде басшылық жасайды. Бүл салада жедел-іздестіру, тергеу қызметтерін Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер коми- тетінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы №56 бұйрығымен реттеледі. 13.3. Кеден органдарының мәртебесі мен олардыц міндеттері Қазақстан Республикасының экономикалық егемендігін кор- ғайтын қүқық қорғау органдарының жүйесінде кеден органдары маңызды орын алады, олар елді экономикалық дамыту саясаты- ның аса тиімді аспаптарының бірі болып саналады. Кеден органдары Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Рсспубликасының Кеден комитетін кұру туралы» Жарлығына сәйкес қүрылды, ол мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін және экономиканың дамуын қамтамасыз етуге, кеден төлемдері мен салықтарын жи- науға, контрабандамен және кеден ережесін бұзушылыкпен кү- ресуде, валюта бақылауын және кеден ісінің дамуын бақылауға тиіс болды. Кеден органы - өзінің сипаты жағынан күқық қорғау органдарына жататын, мемлекет атынан әрекет ететін және өткен өкілеттіктер берілген атқарушы билік органы, ол өз функцияла- ры мен міндеттерін кызметтің өзіне тән формалары мен әдістерін қолданып атқарады. Қазақстан Республикасындағы кеден ісі (кедендік реттеу) деп Қазақстан Республикасы айрықша юрисдикцияға ие. Кеден ода- ғының кедендік аумағының бөлігінде (Қазақстан Республикасы- ” Қаржы министрінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 417 бұйрығымен бекітілген Ереже. Мемлекеттік кірістер ко- митетінің сайты. 212

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==