Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
сы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 6 маусымдағы қаулы- сымен, ҚР Президентінің 1994 жылғы 11 ақпандағы «Қылмыс- керлікпен күресті күшейту туралы» Қаулысына сәйкес қүрылды. Қаржы министрлігінің салық қызметінің қүрамында Салық ми- лициясының басқармасы құрылды. Салық органдары, қазіргі қар- жы полициясы тура сол кезден бастап жұмыс істеп келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуір- дегі «Салықтар және бюджетке түсстін басқа міндетті төлемдер туралы» заң күші бар Жарлығымен салық полициясы орган- дарының қүкықтық мәртебесі мен құрылымы анықталды. Бұл Жарлыққа сәйкес салық полициясы органдары жедел-іздестіру қызметін және анықтауды жүргізумен қатар салық төлемеумен байланысты қылмыстар туралы істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу құкына ие болды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1994 жылғы 16 сәуірде- гі қаулысымен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық қызметінің салық полициясы органдарында қызмет атқару туралы Ереже» бекітілді, онда салық полициясы органдарының қүқыктық мәртебесі және бөлімшелерін үйымдастыру жүйесі, оның қызметкерлерінің қүқықтары мен міндеттері анықталды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылы 14 тамыз- дағы Жарлығымен салық қызметі Қаржы министрлігінің қүрамы- нан алынып, өзінше Мемлекеттік салық комитеті болып қүрыл- ды, салық полициясы оның құрамына берілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылы 4 наурыз- да «Мемлекеттік органдарды реформалау бойынша кезекті шара- лар туралы» Жарлығына сәйкес салық кызметі Салық полициясы департамент! түрінде қайтадан Қаржы министрлігінің құрамына кірді, ал салық полициясына алғаш рет алдын ала тергеу функ- циясы берілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 6 мамыр «Экономикалық қылмыскерлікпен күрестің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен Қаржы министрлігінің Салық полициясы департамент! мен Ішкі істер министрлігінің Экономикалық полиция департаментінің негізінде Салық поли циясы Комитеті қүрылды. Сонымен, экономикалық және сыбай- лас жемқорлық қылмыстармен күресу функциялары бір органға біріктірілді. 201
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==