Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
13-тарау ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫ МЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС ОРГАНДАРЫ 13.1. Экономикалық, қаржылық қылмыстар мен қүқык бүзушылықтарға қарсы күрес органдарының қалыптасуы мен дамуы Қазақстан Республикасының экономикалық жәнс қаржы қыз- меті саласында құқык бұзушылықтарға, сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес органдары заңда белгіленген өз өкілеттіктері шегін- де жедел-іздестіру қызметін, алдын ала тергеу және анықтама іс жүргізу арқылы адам мен азаматтың қүқығына, қоғам мен мемле- кеттің мүдделеріне қарсы жасалған осындай хылмыстарды, басқа да қастандық әрекеттерді айқындауға, ашуға, олардың алдын алу- ға, жолын кесуге және оларды тергеуге бағытталған құкық қорғау қызметін жүзеге асырушы арнайы мемлекеттік органдар болып табылады. Казахстан Республикасында нарыхтых қатынастардың қалып- тасуы қоғам өмірін мүлде өзгертті, соған байланысты басында салық заңдарын бүзушылармен күресетін арнайы қүқык қорғау органын қүру қажеттігі туындады. Көлеңкелі және криминалдық кәсіпкерліктің кең етек алуы, олардың салықты және бюджетке тү- сетін басқа да төлемдсрді төлеуден жалтаруы ел қауіпсіздігін қам- тамасыз ететін күштердің бірі ретінде салық милициясын (поли- циясын) қүруға мәжбүр етті. Салық қызметі органдарының қаржы санкцияларын колдану арқылы салық зандарын бұзупіылармен күресу әдісі ойдағыдай нәтиже бермеді. Сондықтан салык қыл- мыстары үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу керек болды, бұл жағдай салық милициясының (полициясының) қүрылуын тездетті. Қаржы полициясы қүрылғанға дейін салық кылмыстарымен күрес жөніндегі орган болды, ол алғаш Казахстан Республиха- 200
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==