Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

науға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа да қүрылғылардан ақпаратты жасырын түсіріп алу; 5) пошта жөнелтілімдерін және өзге де жөнелтілімдерді жа ­ сырын бақылау; 6) орынға жасырын кіру және (немесе) оны тексеру; 7) адамды немесе орынды жасырын байқауға алу; 8) жасырын бақыланатын жеткізілім; 9) жасырын бақыланатын сатып алу; 10) жасырын ендіру және (немесе) қылмыстық әрекетті ими- тациялау жүзеге асырылады. Егор қылмыстық іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жай- ларды, қылмыстық процеске тартылған түлғалардың мүдделерін қозғайтын фактілер туралы мәліметтсрді оларға хабарламай алу қажет болғанда, осы тарауда көзделген жасырын тергеу әрекет- тері жүргізіледі. Жасырын тергеу әрекеттері қылмыс жасағаны үшін санкциясы бір жылдан бастап және одан да жоғары мерзім- ге бас бостандығынан айыру жазасын көздейтін істер бойынша, болмаса қылмыстық топ дайындайтын және жасайтын қылмыс- тар бойынша жүргізіледі. Жекелеген адамдардың өмірінс, дснсаулығына, меншігіне ка ­ тер төнген жағдайда, олардың арызы бойынша немесе жазбаша келісуімен, сотқа дейінгі тсргеп-тексеру органының каулысы нс- гізінде, қаулы шығарылған кезден бастап жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорды міндегті түрде хабардар ете отырып занда көзделген жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге рүксат етіледі. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу тапсырылған органның уәкі- летті лауазымды адамы Кодекстің 198-бабында белгіленген та- лаптарға сәйкес келуге тиіс қаулы шығарады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының каулысы бойынша жасырын тергеу әрскеттерін жүргізуге санкцияны Қазақстан Рес- публикасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары, об- лыстардың прокурорлары және оған теңестірілген прокурорлар бсреді. Санкция Кодексте белгілснгсн тәртіппен тіркелген, қыл- мыстар туралы хабарлар мен арыздар бойынша ғана беріледі. Жа ­ сырын тергеу әрекетін жүргізу туралы қаулы ол шығарылғаннан кейін көрсетілген тергеу әрекетін жүргізудің негізділігін растайт- ын материалдармен бірге жиырма терт сағаттың ішінде уәкілетті прокурорға үсынідлады. Санкциялануға жататын жасырын тергеу әрекеті отыз тәулікген 198

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==