Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
12.3. Жедел-іздесз іру қызметі Жедел-іздестіру қызметі барлық елдерде жүзеге асырылады, ол тергеу әрекеттерінің дәстүрлі жиынтығы, қылмысты ашу үшін жеткіліксіз болған кезде керек әрекет. Бұл қызмет үзақ жылдар бойы ешқандай заңмен реттелмей, тек аса құпия ведомстволық қүжаттар негізінде жүргізіліп келді. Дәлелдеуде оның нәтижеле- рін пайдаланудың ешқандай ресми ережесі де болмады. 1994 жылы 15 қыркүйекте «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заң қабылданғаннан кейін ғана жедел-іздестіру қызметі біздің ел- де заңдық регламентация алды. Жедел-іздестіру қызметі - жедел-іздестіру, үйымдық және басқарушылык жария және жария емес іс-шаралардың ғылыми негізделген жүйесі, оны арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік орган, өз қүзыреті шегінде, азаматтардың өмірін, денсаулығын, қүкығын, бостандығы мен заңды мүдделерін, меншікті, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қылмыстық кол сүғушылықтан, сондай-ақ шет мемлекеттердің және халықаралык ұйымдардың арнайы қызметтерінің қастандык әрекеттсрінсн қорғау мақсатын- да жүргізеді. Жедел-іздестіру қызметінің негізгі міндеті қылмысты дер кезінде тауып, оның толық және тез ашылуын қамтамасыз ету, анықтау органдарынан, тергеуден және соттан бой тасалап жүр- ген, қылмыстық жазадан жалтарушы адамдарды, хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды іздестіру. Сонымен қатар, шет мемлекеттер- дің арнайы қызметтерінің қастандық әрекеттерінің жолын кесу, мемлекеттік шекараның күзетін қамтамасыз ету, мемлекеттік жә- не заңмен қорғалатын өзге қүпияларды қүрайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету және бас бостандығынан айыру орын- дарында қылмыстық-атқару заңы белгіленген режімді үстап түру да бүл қызметтің негізгі міндеттеріне жатады. Жедел-іздестіру қызметі зандылық, адамның қүкықтары мен бостандығын сақтау, қадір-қасиетін қүрметтеу, азаматтардың барлығының заң алдында бірдейлігі принципіне сәйкес, жасы- рындық, жария жәнс жария емес әдістердің үйлесімі, кәсіби эти ка негізінде жүзеге асырылады. Жедел-іздестіру іс-шараларын, сондай-ақ алынған ақпаратты заңда көзделмеген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін жүзеге асыруға жол берілмейді. Жедел-іздестіру іс-шаралары ба- 195
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==