Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

6) өз құзыреті шегінде өзіне бағынысты, алдын ала тергеуді жүзеге асыратын органның бір тергеу бөлімшесінен қыл- мыстык істі алуға және алдын ала тергеуді жүзеге асыра ­ тын, өзіне бағынысты осы не өзге органның басқа тергеу бөлімшесіне беруге; 7) қылмыстық істерді айыптау актісімен бірге прокурорға жіберуге; 8) тергеушінің негізсіз процестік шешімінің күшін жою ту- ралы өтінішхатпен прокурорға өтініш жасауға; 9) өз қүзыреті шегінде анықтау органдарына орындау үшін міндетті тапсырмалар мен нұсқаулар беруге уәкілет- ті. Тергеу бөлімінің бастығы өз қаулысымен істі өзінің іс жүргізуіне қабылдауға және бүл ретте тергеушінің өкілеттіктерін пайдалана отырып, тергеп-тексеруді жеке өзі жүргізуге құқылы. Анықтаушы - іс бойынша өз құзыретінің шегінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды адам. Анықтаушы істі анықтау органының бастығы бекіткен өз қаулысымен өзінің іс жүргізуіне қабылдап алуға және занда ай- кындалған нысандарда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға, заңда оларды анықтау органы бастығының бекітуі не ке- лісуі не прокурордың, соттың, тергеу судьясының санкциялары немесе соттың шешімі көзделген жағдайларды қоспағанда, тер ­ геу әрекеттері мен басқа да процестік әрекеттерді жүргізу туралы шешімді дербес қабылдауға құқылы. Анықтаушы, алдын ала тергеу жүргізілетін істер бойынша анықтау органы бастығының тапсырмасы бойынша кезек күттір- мейтін тергеу әрекеттерін жүргізуге уәкілетті, ол туралы жиырма төрт сағаттан кешіктірмей прокурор мен алдын ала тергеу орга- нын хабардар етуге міндетті. Анықтаушы соттың, прокурордың, алдын ала тергеу органының және анықтау органының жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу туралы, қылмыстық процеске қатыса- тын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолда- ну туралы тапсырмаларын орындауға міндетті. Үкімнің азамат- тық талап қою, басқа да мүліктік өндіріп алулар немесе мүлікті ықтимал тәркілеу бөлігінде орындалуын қамтамасыз ету мақса- тында анықтаушй күдіктінің немесе олардың әрекеттері үшін заң 192

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==