Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
не берілген мүлікті анықтау үшін де шаралар қолдануға міндетті. Тергеуші заңда прокурордың, соттың санкциясын немесе соттың шешімін алу көзделген жағдайларды қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезінде барлық шешімді дербес қабыл- дайды және олардың заңды және уақтылы орындалуы үшін то- лық жауапты болады. Тергеушінің қызметіне заңсыз араласу қыл- мыстық жауаптылыққа әкеп соктырады. Қылмыстық іс бойынша тергеуші өз өкілеттіктері шегінде шығарған қаулы, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысындағы тапсырмалар мен нұсқаулар барлық үйымдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың орын- дауы үшін міндетті. Тергеуші тергеудегі іс бойынша прокурор- дың нүсқауларымен келіспеген жағдайда, олар жөнінде жоғары түрған прокурорға шағым жасауға қүқылы. Тергеушінің өзі тергеп-тексеретін істср бойынша анықтау ор- гандарының тергеп-тексеріліп жаткан іске қатысты жедел есепке алу істерімен және жасырын тергеу әрекеттерінің материалдары- мен танысуға, оларды заңда белгіленген тәртіппен осы іске қо- сып тігу үшін талап етіп алдыруға, анықтау органдарына орындау үшін міндетті, іздестіру, тергеу және жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмалар мен нүсқаулар беруге және олардан тергеу әрекеттерін жүргізуге жәрдемдесуді талап етуге қүқығы бар. Тергеу бөлімінің бастыгы - сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органның тергеу бөлімшесінің бастығы және оның өз қүзыреті шегінде әрекет ететін орынбасарлары. Тергеу бөлімінің бастығы: 1) тергеу жүргізуді немесе сотқа дейінгі жеделдетілген тер- геп-тексеруді тергеушіге тапсыруға; 2) тергеушінің өз іс жүргізуіндегі істер бойынша тергеу әре- кетгерін орындауының уақтылығына, тергеушінің тергеп- тексеру және күзетпсн ұстау мерзімдерін сақтауына, про курор нұсқауларының, басқа да тергеушілер тапсырмала- рының орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыруға; 3) тергеп-тексеру жүргізуді бірнеше тергеушіге тапсыруға; 4) тергеушіні іс бойынша іс жүргізуден шеттетуге; 5) қылмыстық істерді зерделеуге және олар бойынша нүс- қаулар беруге; 191
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==