Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

- командалық-штабтық және жедел-тактикалық оқу-жатты- ғуларды дайындау және өткізу кезінде үйлестіру; - терроризммен және экстремизмнің өзге де белгілерімен күрес мәселелерін қозғайтын нормативтік қүқықтық акті- лер жобаларын дайындауға қатысу; - Қазақстан Республикасы СІМ бірлесіп республиканың мемлекеттік органдарының терроризммен күрес саласын- дағы халықаралық міндеттемелерді орындауын үйлестіру. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тағы бір ведомствосы - Ше ­ кара қызметі, ол Қазақстан Республикасының шекара саясатын мемлекеттік шекарада жүзеге асырады. Мемлекеттің негізгі бел- гісі - оның шекарасы айқын белгіленген аумағының болуы. Оның қауіпсіздігі мен бүтіндігін қамтамасыз етуде Шекара қызметіне айрықша міндет жүктелген. Алғашында КСРО-ның Шекара әскерлерінің мемлекеттік шекараның кеңес-қытай және кеңес-ауған учаскелерін күзететін Шығыс шекара округының базасында үлттық шекара әскерлері қүрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 18-та- мыздағы №862 жарлығы негізінде қүрылған Шекара әскерле- рі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қүрамына енгізілді. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» және «Казахстан Республикасының Шекара әскерлері туралы» заңдарына сәйкес 1993 жылдың сәуірінде Ка ­ захстан Республикасы Шекара әскерлерінің Әскери кеңесі өтіп, онда Мемлекеттік шекараны корғау концепциясы қаралып, қа- былданды. Казахстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 17-қара- шадағы жарлығына сәйкес Шекара әскерлері Казахстан Респуб ­ ликасы Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік шекараны корғау күштеріне айналды. Қазақстан Республикасының шекарасы дегеніміз Қазақстан аумағының шегін - қүрлығын, суын, жер қойнауын және әуе ке- ңістігі айқындайтын сызық және осы сызық бойынша тігінен өтетін жазықтық. Қазіргі кезде Үлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзетуге және корғауға, Казахстан Республикасының егемендігі мен аумақтық бүтіндігі- не құрлықта, теңіЧде, көлдерде, өзендерде және басқа жерлерде 166

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==