Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

мемлекеттің қауіпсіздігіне ықпал етуі мүмкін әлемдегі жасырын процестер туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз ету. Бұл Қызмет сыртқы қауіпті айқындауға, оның болуы мүмкін зардаптарының алдын алуға баса назар аударады. Халықаралық лаңкестікпен, трансүлттық үйымдасқан қыл- мыскерліктен, діни экстремизмнен, наркотрафиктен, жасырын көші-қоннан, сондай-ақ жаппай қырып-жоятын қарудың компо- ненттерінің және кос мақсатты технологиялардың заңсыз тасы- малынан келетін сыртқы қауіптер туралы ертерек ақпарат алу қа- зіргі кезде сыртқы барлау Қызметі үшін аса маңызды болып түр. Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сәйкес Коми- теттің барлау кызметінің алдында ондай қауіптерді ерте бастан айқындап, оларды болдырмау міндеті түр. Ғаламдастыру дәуі- рінде Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасы да бой көтерді. Соған байланысты казақстандық барлау қызметін үлттық мүдделерге қаржы, энергетика, азық-түлік, индустрия- лық-инновациялық, коммуникациялық, акпараттық және эколо- гиялық салалардағы аса ықтимал қауіптерді уақытында айқындау міндеті жүктелді. «Сырбар» қызметіне, сонымен қатар, қолайлы конъюнктура- лык-коммерциялық жағдайлар тудыру арқылы Қазақстанның мик- рошаруашылық байланыстар жүйесіне кіру процесін нығайтуға, өнеркәсібі дамыған елдермен қарым-қатынасының ауқымын ке- ңейтуге, ұлтгық экономикаға шетелдік инвестициялар тартуға, сыртқы экономикалық кызметтен валюталық түсімді көбейтуге ай- рықша құралдармен көмек көрсету міндеті де жүктелген. Шетелдік капиталдың ел экономикасын дамытуға көптеп тартылуы жағдайында «Сырбар» кызметінің алдында инвести- циялық жобаларға қатысудан сырттан біржақты пайда көруге тал- пынысты айқындау, қандай да бір экономикалық операциялардың шынайы мақсаты мен қозғаушы күштерін айқындау, Қазақстанды дамыған елдердің таза шикізат қорына, сапасыз тауарларды өткі- зетін және өзі арзан, бірақ едәуір білікті жүмысшы күшін алатын рынокқа айналдыру қаупінің алдын алу жөнінде міндет түр. Қазақстан барлауының бүл саладағы тағы бір маңызды мін- деті озық технологияның дамуын ақпаратпен қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің экономикалық да- мумен кері байланысын құруға жағдай тудыру. Қазақстан Респуб- 159

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==