Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

Үлттық саясаттың басты ұстанымы - ұлттық құндылықтар негізінде Қазақ елінің экономикалық, саяси, рухани тәуелсіздігін, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жердің біртұтастығын мәңгі сақтауға, жер мен жер қойнауы байлығын (ұлттық байлы- ғын) тек халық игілігіне жұмсап, жұртының әлеуметтік жағдайын үнемі жақсартып отыруға мемлекетті міндеттеу. Әркімнің азамат- тық кұкығының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етпейінше, заң алдындағы бәріне бірдей жауаптылық болмайынша, ел ішінде дұ- рыс түсіністік болмайды. Қазақстан Республикасы жалпыға бірдей ортак террито ­ рия, бір ғана азаматтық, жалпыға бірдей жоғары билік, жалпыға бірдей қүкық жүйесі мен жалпыға бірдей бір ғана мемлекеттік тіл негізінде дамуы қажет. Завда үлттык қауіпсіздікті қамтамасыз ету қагидаттары бы- лай белгіленген. Олар: 1) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде зандылықты сақтау; 2) адамның және азаматтың қүқықтары мен бостандықтары- ның басымдығы; 3) үлттық қауіпсіздікті камтамасыз ету күштерінің жедел өза- ра хабардар етілуі және іс-қимылдарының үйлесімділігі; 4) үлттық қауіпсіздіктің барлық түрлерінің бірлігі, өзара бай- ланысы және теңдестірілімдігі, ахуалдың дамуына байла- нысты олардың басымдығының жедел өзгеруі; 5) үлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде алдын алу- профилактикалық шараларының басымдығы; 6) ұлттық қауіпсіздікке келтірілген және/немесе ықтимал нұксанның ауқымы мен сипатына үлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының уақтылы және лайықты бо- луы; 7) адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекет мүдде- лерінің теңгерімін сақтау, олардың өзара жауапкершілігі; 8) үлттық қауіпсіздікті қорғау жөніндегі іс-қимылдардың барлық жиынтығын іске асырудың бақылауда болуы; 9) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің халықара- лық қауіпсіздік жүйелерімен ықпалдастығы; 10) мемлекеттік органдар өкілеттіктерінің аражігін нақты ажырату болып табылады. 154

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==