Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
рын даярлау жэне осы саладағы ғылыми зерттеулер жүргізу шоғырландырылған . 2015 жылы 29 қазанда № 374 сайды «Қазақстан Республика- сының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары- ның қызметін және құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңымен белгіленген кейбір өзгерістерді ескеру қажет. 9.3. Прокурорлық қадағалаудыц негізгі бағьптары Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары- ның үстемдігін қамтамасыз ету, адам мен азаматтың қүқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында прокуратура мемлекет атынан: 1) Конституцияның, заңдардың және Қазақстан Республи- касы Президентінің жарлықтары мен өзге де нормативтік кұқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады; 2) Конституцияны, заңдарды, Қазақстан Республикасы Пре- зидентінің жарлықтарын және өзге де нормативтік қүқық- тық актілерді бүзушылықтарды анықтайды және оларды жою шараларын қолданады; 3) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен занда- рына кайшы келетін заңдарға және басқа да құқықтық актілсрге наразылық жасайды; 4) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалар мен мемлекеттің заңды мүдделерінің сақ- талуын қадағалауды жүзеге асырады; 5) жедел-іздестіру қызметінің зандылығын қадағалауды жү- зеге асырады; 6) анықтау мсн тсргсудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады; 7) әкімшілік іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады; 8) атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жү- зеге асырады; 9) өз құзыреті шегінде мемлексттік органдардың норма шы- ғармашылық қызметіне қатысады; 10) сотта мемлекет мүддесін білдіреді; 144
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==