Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

10) патенттік іс саласындағы сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік үйымдардың қызметін бақылау; 11) өнеркәсіптік меншік объектілерін, селекциялық жетіс- тіктерді, интегралдық микросхемалар топологияларын пайдалануға лицензиялық шарттарды, ашық лицензия- ларды және қорғау құжаттарын басқаға беру шарттарын тіркеуді қамтамасыз ету; 12) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым- дарды аккредиттеу. Әділет органдары атқарушылық к^жаттардың орын- далуын қамтамасыз ету саласында мынадай функцияларды: 1) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету- ді (үйымдастырушылық, әдістемелік қамтамасыз ету, ба- қылау, атқарушылық іс жүргізу бойынша шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау, борышкерлердің тыйым салын- ған мүлкімен жүмыс); 2) жеке сот орындаушылары мен олардың алқаларының қыз- метін үйымдастыруды (біліктілік, тәртіптік комиссияла- рының жүмысын үйымдастыру, конкурс өткізу, жеке сот орындаушыларының кызметін лицензиялау, олардың қыз- метін бақылау, жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау); 3) шет мемлекеттердің атқарушылық іс жүргізу қызметтері- мен және халықаралық үйымдармен аткарушылық қүжат- тарды орындау саласындағы ынтымақтастыкты жүзеге асыру. Авторлық құқық пен сабақтас қуқықтар, өнеркәсіптік меншік, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхемалар топологиясы объектілерінің пайдаланылуына мемлекеттік бақы- лау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асыры- лады. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бакы- лау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де ны- сандары заңға сәйкес жүзеге асырылады. Әділет органдары басқада мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) адам мен азаматтың, үйымдар мен мемлекеттің құқықта- рын, бостандықтарын және занды мүдделерін сақтау және қорғау; 133

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==