Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
- құқықтық көмекті және заң қызметін көрсетуді ұйымдас- тыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету; - сот-сараптама қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру; - зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау сала- сындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; - Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әкімшілік құ- қық бүзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру; - атқарушылық қүжаттарды орындау саласындағы мемле- кеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; - сот-сараптама қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; - өздеріне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүк- телген өзге де міндеттерді Жүзеге асыру болып табылады. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы за- ңында, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде, Қа- зақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген жағдайларда Әділет министрі өз құзыреті шегінде әділет органдары қызметінің мәселелері бойынша Қазақстан Рес- публикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік тіркелуге тиісті бүйрықтар шығарады, сондай-ақ үсыныстар енгізеді. Әділет органдарының өз қүзыреті шегінде қабылдаған жә- не зандарда көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеуден өткен актілерін Қазақстан Республикасы үйымдары, лауазымды адам- дары мен азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар орындауға міндетті. Әділет органдары әділет органдарында мемлекеттік тірке- луге тиісті, бірақ одан өтпеген нормативтік қүқықтық актілеріне қатысты; орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, әкімдердің олар қолданатын, Қазақстан Республикасы Конститу- циясының 4-бабына сәйкес жариялануы міндетті, бірақ белгілен- ген тәртіппен жарияланбаған, нормативтік құқыктық актілеріне қатысты. Және де әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге тиісті, Қазақстан Республикасының зандарына қайшы келетін нормативтік қүқықтық актілеріне қатысты; Қазақстан Республи- касының заң актілерінде белгіленген өзге де жағдайларда заңның бұзылуын жою туралы үсыныс енгізеді. 125
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==